Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып мәлімет бөліседі..
- Ақтөбе облысында жүргізілген жедел тергеу іс-шарасы барысында қойма аумағынан азат тотығы толтырылған екі жүк цистернасы мен 1033 баллон тәркіленді. Аталған заттар Қазақстан аумағына Ресей Федерациясынан жеткізілген. Биылдан бастап күшті әсер ететін заттардың, оның ішінде азот тотығының заңсыз айналымы үшін қылмыстық жауапкершілік енгізілді. Полиция күшті әсер ететін заттарды заңсыз әкелу, сақтау немесе өткізу әрекеттерін шекарадан бастап соңғы тұтынушыға дейінгі барлық кезеңді қатаң түрде қадағалайды,- деді Ақтөбе облысы ПД ЕҚҚІҚБ бастығы Берік Айсин.
Іс Қылмыстық кодекстің «Улы заттардың, сондай-ақ есiрткi, психотроптық заттарды, сол тектестерді немесе улы заттарды дайындау немесе қайта өңдеу үшін пайдаланылатын заттардың, құрал-саймандардың немесе жабдықтардың заңсыз айналымы» бабы бойынша қозғалды.
Айта кетейік, Кәмелетке толмаған қызылордалық түнгі клубта азот оксиді құйылған шар сатқан. Рейд барысында түнгі клубтан 10 литрлік 4 газ баллоны және полиэтилен пакетке салынған 6 шар анықталып, заттай дәлел ретінде алынды.