Ақтөбеде шекараны заңсыз кесіп өтпек болған 18 шетелдік ұсталды

11.03.2026

Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып түсініктеме береді..

ҚР ҰҚК Шекара қызметі Ақтөбе облыстық департаментінің хабарлауынша, заңсыздық 8 наурыз күні сағат 19:55–те тіркелді. Транзиттік жүк көлігіне Өзбекстан мен Тәжікстан азаматтары жасырынған. Заңсыздықты «Жайсаң» шекара бекетінің шекарашылары анықтады.

Фото: ҰҚК Шекара қызметі Ақтөбе облыстық департаменті

— Өзбекстаннан Ресейге бағыт алған транзиттік жүк көлігінің тірмекесінде 22 тонна қыш тақтайша бар деп көрсетілген. Алайда көліктің тіркемесін ашып қараған кезде шекараны заңсыз кесіп өтпек болған 3 өзбекстандық, 15 тәжікстандық анықталды. Транзиттік жүк көлігін Өзбекстан азаматы басқарды. Аталған факт бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Басқа ақпарат Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес жария етуге жатпайды, — деп хабарлады ҚР ҰҚК Шекара қызметі Ақтөбе облыстық департаменті.

Фото: ҰҚК Шекара қызметі Ақтөбе облыстық департаменті

Сонымен бірге жедел тергеу тобы Қазақстан аумағындағы делдалдар болуы мүмкін деген күдікпен тағы 5 азаматты ұстады. Бәрі де өзбекстандық. Олар да шекара маңында қолға түсті. Қазір Қылмыстық кодекстің 392-бабы аясында тергеу жүріп жатыр.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, Ақтөбеде тұратын алты мыңнан астам шетелдік тексерілді.

Олардың кейбірі тұрғылықты мекенжайын ауыстырған, құжаттарының мерзімі өтіп кеткен. Сондай-ақ шетелдіктерді заңсыз тіркеуге қойған пәтер иелері де жауапқа тартылды

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
Читать полностью