Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып, Qazaq24.com түсініктеме жасады..
Ақтөбе облысының прокуроры, облыстық төтенше жағдайлар департаментінің басшылығы және «Қазсушар» РМК АОФ мамандары әуеден шолу жұмысын жүргізді. Жауаптылар Ақтөбе, Қарғалы және Мағаджан су қоймаларының су жинау аймақтарына мониторинг жүргізді. Сонымен қатар олар Ырғыз ауданы аумағына да шолу жасады.
Фото: Ақтөбе облысы әкімінің баспасөз қызметі Фото: Ақтөбе облысы әкімінің баспасөз қызметі– Мамандар гидротехникалық нысандардың техникалық жағдайын, су өткізу жүйелерінің жұмысын, қар жамылғысының деңгейін және өзен арналары мен салаларының жай-күйін бағалады. Тексеру нәтижесінде су тасқынына қарсы жұмыстардың қалыпты жүргізілгенін көрді. Мақсат –су тасқыны қаупін азайту және өңір тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету, - деп хабарлады Ақтөбе облысы әкімінің баспасөз қызметі.
Айта кетейік, Ақтөбедегі ірі су қоймаларының тең жартысынан астамы бос тұр. Қазір Қарғалы, Сазды, Ақтөбе су қоймалары су қабылдауға дайын. Үшеуінде 300 млн текше метрден астам бос орын бар.
Облыс орталығында тасқынға қарсы күрес жұмыстарына биыл 600 млн теңгеден астам қаржы жұмсалады. Қыс айларында облыс орталығында 364 мың текше метр қар шығарылды. Қазіргі кезде арықтар мен каналдар қар мен мұздан тазартылып жатыр.