Ақтөбеде су және электрмен жабдықтау желілерінің қанша пайызы тозды

27.03.2026

Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..

Ақтөбенің коммуналдық кәсіпорындары «Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту» ұлттық жобасына өтініш берді. Тозығы жеткен инженерлік инфрақұрылымды жаңғыртуға бағытталған жұмыс тозу көрсеткішін төмендетуі тиіс.

- Қазіргі кезде «Aqtobe su-energy group» АҚ-ы сумен жабдықтау желісінің 53,40%, су бұру желісінің 71,90%, жылумен жабдықтау желісінің 53,90% тозып тұр. Ал «Алға жылу» КМК-де су бұру 62,8%, жылумен жабдықтау 86% тозды. Ал ұлттық жобаға енген «Бадамша сервис» КМК-де су бұру желісінің 87% жаңғыртуды қажет етеді. Жоба аясында «Aqtobesu-energy group» АҚ-ы жалпы сомасы 9,53 млрд тг, «Алға жылу» КМК-ы 949,61 млн тг, «Бадамша сервис» КМК-і 431,4 млн теңгенің өтінімін берді,- деді ҚР Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Ақтөбе облысы бойынша департаментінің басшысы Ерлан Дүйсен.

Ал өңірдегі электр энергиясын таратушы «Энергосистема» ЖШС-і 10,91 млрд теңгенің жұмысына сұраныс бермек. Себебі желілердің 75,96% тозып тұр.

Еске салсақ, былтыр электр сымына мұздақ қатып, ауылдарда жарық өшті. Сол кезде өңірде шамамен 70 мың электр бағанасын ауыстыру қажет екені айтылды.

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
Читать полностью