Qazaq24.com, Sputnik.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып түсініктеме береді..
АСТАНА, 5 шілде – Sputnik. Ақтөбенің облыстық тарихи-өлкетану музейінде Ұлттық домбыра күніне арналған көрме ашылды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан әкімдіктің ресми сайтына сілтеме жасап.
© Photo : Ақтөбе облысының әкімдігіАқтөбеде танымал адамдар ұстаған домбыралар көрмесі ашылды
Ақтөбеде танымал адамдар ұстаған домбыралар көрмесі ашылды
© Photo : Ақтөбе облысының әкімдігі
"Домбыра және дәуір" көрмесіне белгілі күйшілер Балтұрсын Сарыбаева, Айса Шәріпов, Бақыт Басығараев, Момын Байғанин, Қазақстан Республикасының халық әртісі, әнші әрі композитор Димаш Құдайберген, ақын Бәкір Тәжібаев, генерал-лейтенант Жансен Кереев, мәдениет қайраткері Еркін Құрманбек және басқа да танымал тұлғаларға тиесілі домбыралар шығарылған.
© Photo : Ақтөбе облысының әкімдігіАқтөбеде танымал адамдар ұстаған домбыралар көрмесі ашылды
Ақтөбеде танымал адамдар ұстаған домбыралар көрмесі ашылды
© Photo : Ақтөбе облысының әкімдігі
Көрменің жеке бөлімі шеберлерге аналған. Ол жерде белгілі қазақстандық шеберлер Сүндет Нұрымов, Қарамұқан Басшин, Құтым Қасенов, Еркөсай Әбілов, Жетес Жамеков және жас шебер Мұратхан Танатарұлы жасаған ұлттық музыкалық аспаптарды көруге болады.
Айта кетері, көрме 4 тамызға дейін жұмыс істейді.