Ақтөбеде теміржолды белгіленбеген жерден кесіп өткен 500 ден астам адам жауапқа тартылды

17.04.2026

Inform.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

Ақтөбе облысы аумағында «Теміржолда өзіңді сақта» акциясы өтті. Ақтөбе станциясындағы көліктегі полиция бөлімі оқушылар мен студенттерге, теміржол бойында тұратын үй тұрғындарына ескерту жасады.

- Биыл үш айда теміржолды белгіленбеген жерден кесіп өткен 575 адамға әкімшілік хаттама толтырылды. Олар Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 559-бабы бойынша айыппұл төледі. Сондай-ақ, теміржол бойында адамдар және мал жүрген кезде пойыздарды шұғыл тежеуге тура келді. Мұндай 8 факті тіркелді. Сондықтан Ақтөбе станциясындағы көліктегі полиция бөлімі 100-ге жуық оқушыны арнайы оқу базасына апарып, жолдағы қауіпсіздік жайын түсіндірді. Оқушылардың бәрі де теміржол маңына жақын мектепте оқиды,- деп хабарлады Ақтөбе станциясындағы көліктегі полиция бөлімі.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, Ақтөбеде теміржолшы жұмыс орнында жарақат алып, төсекке таңылып қалды. Ділхан Аймағамбеттің жамбасы сынып, тұра алмайды. Бауырлары еңбек инспекциясының тексеру қорытындысын жоққа шығарып, қайта шағым түсірді.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью