Ақтөбеде ҰБТ дан өткізіп беремін деп алаяқтық жасаған мұғалім сотталды

30.01.2026

Azh.KZ парақшасындағы деректерге сәйкес, Qazaq24.com ақпарат таратты..

ChatGPT жасаған сурет

Ақтөбе қаласының №2 соты екі немесе одан да көп адамға қатысты алаяқтық жасады деп айыпталған «Ж»-ға қатысты қылмыстық істі қарады. Ол алаяқтық бойынша кінәлі деп танылды.

Сотта анықталғандай, мектеп мұғалімі болып жұмыс істеген сотталушы жәбірленушілерге Ұлттық бірыңғай тестілеуден өткізіп беретінін айтып, әр баллды 7 мың теңгеге бағалаған. 80 балл жинау үшін әр жәбірленушіден 560 мың теңгеден алған. Нәтижесінде әр жәбірленушіге 560 мың теңге көлемінде материалдық шығын келтірілген.

Сот отырысында айыпталушы кінәсін толық мойындады. Оның кінәсі жәбірленушілердің жауаптарымен, банк үзінділерімен және өзге де дәлелдемелермен расталды.

Сот жазаны жеңілдететін мән-жайлар ретінде айыпталушының кінәсін мойындауын, өкінуін және жас балаларының болуын ескерді. Ауырлататын мән-жайлар анықталған жоқ.

Сот үкімімен «Ж» 3 жылға педагогикалық қызметпен айналысу құқығынан айырылып, 3 жыл 6 айға бас бостандығын шектеу жазасына кесілді. Алайда «Қазақстан Республикасы Конституциясының отыз жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы» заңға сәйкес, жазаның өтелмеген бөлігі үштен біріне қысқартылып, түпкілікті 2 жыл 4 ай бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды.

Сот үкімі заңды күшіне енді.

Бүгін, 13:02

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
Читать полностью