Ақтөбеде жанармай бекетінде көлік өртеніп, 3 адам қаза тапты

20.06.2026

Qazaq24.com, Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып мәлімет бөліседі..

Ақтөбеде Бөгенбай батыр көшесінің бойындағы жанармай бекетінің аумағында көлік өртенді. Төтенше жағдай салдарынан үш адам қаза тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ақтөбеде Бөгенбай батыр көшесінің бойындағы жанармай бекетінің аумағында көлік өртенді. Төтенше жағдай салдарынан үш адам қаза тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Мән-жай

Бұған дейін желіде Ақтөбедегі Бөгенбай батыр көшесінде орналасқан жанармай бекетінің аумағында көліктің өртенгені мәлім болды.

Куәгерлердің айтуынша, көлік ішінде көмек сұраған ер адам, шамасы жүргізуші болған.

ТЖД не дейді?

Ведомствоның мәліметінше, 19 маусымда сағат 22:55-те 112 пультіне Ақтөбе қаласы Бөгенбай батыр көшесіндегі жанармай бекетінің аумағында көліктің өртенгені туралы хабарлама түскен.

"Өртті сөндіру барысында автокөлік салонынан үш адамның мәйіті табылды, оның екеуі кәмелетке толмағандар. Зардап шеккен бір адам медициналық мекемеге жатқызылды", — деп хабарлады қалалық ТЖД.

Өрт шақырту түскеннен кейін сегіз минуттан соң, сағат 23:03-те толықтай сөндірілді. Оқиға орнында ТЖД-ның 50-ге жуық қызметкері мен 10-нан астам техникасы, соның ішінде Жедел-құтқару жасағының құтқарушылары мен Апаттар медицинасы орталығының мамандары жұмыс істеді.

ТЖД мәліметінше, өрттің шығу себептері анықталып жатыр. Оқиға дерегі бойынша қажет жедел-тергеу шаралары жүргізіліп жатыр.

Алматыда әкімдік маңында тұрған "Гелендваген" өртеніп кетті

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
Читать полностью