Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..
Ақтөбе қаласы Ә.Молдағұлова даңғылы бойындағы жөндеу жұмыстары 5 сағатқа созылды.
— Мұндай диаметрдегі магистральдық құбырды жөндеу нормативі орта есеппен 12-15 сағатты құрайды. Дәнекерлеу жұмыстары сағат 21:00–01:00 аралығында жүргізілді. Одан кейін бір сағатта магистральдық құбырды толтыру жұмысы атқарылды. Түнгі 02:00–де жылу берілді. Шектеу кезінде тұрғын үйлер салқындап үлгерген жоқ. Сумен жабдықтау штаттық режимде іске асты, — деді «Aqtobe su-energy» АҚ-ның қоғаммен байланыс жөніндегі орталық жетекшісі, баспасөз хатшысы Ляззат Құдайбергенова.
Еске салсақ, құбыр жарылған кезде Ақтөбе қаласындағы Индустриальная көшесінде орналасқан балабақша, Әлия Молдағұлова даңғылындағы № 3, 5, 7, 9, 11, 13 және Тілепбергенов көшесіндегі № 78, 80, Әбілқайыр хан даңғылындағы № 69 үйлерге жылу беру уақытша тоқтады. Жөндеуге барлығы 27 қызметкер жұмылды. Мұндай апатты жағдай қалада биыл бірінші рет тіркеліп тұр.