Ақтөбеде жарылыс тұрғын үйді қиратты: үйінді астынан әйел адамның мәйіті табылды

26.05.2026

Qazaq24.com, Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..

Ақтөбеде жеке тұрғын үйде жарылыс болды. Алдын ала мәліметтер бойынша, бұған табиғи газдың тарауы себеп болған. Газ-ауа қоспасы жарылғаннан кейін ғимарат опырылып, үйінді астынан қаза тапқан адамның денесі табылды, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ақтөбеде жеке тұрғын үйде жарылыс болды. Алдын ала мәліметтер бойынша, бұған табиғи газдың тарауы себеп болған. Газ-ауа қоспасы жарылғаннан кейін ғимарат опырылып, үйінді астынан қаза тапқан адамның денесі табылды, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ақтөбедегі Алматы ауданында, Түрксіб көшесі, 125 мекенжайындағы жеке тұрғын үйде жарылыс болды. Алдын ала ақпарат бойынша, оқиғаға табиғи газдың тарауы себеп болған.

Ақтөбе облыстық ТЖД мәліметінше, газ-ауа қоспасы жарылып, салдарынан үйдің шамамен 100 шаршы метр ауданы опырылып түскен. Оқиға орнынан әйел адамның мәйіті табылды.

"Оқиға орнынан қаза тапқан бір адам табылды. Салдарын жоюға ТЖД, Апаттар медицинасы орталығы, Жедел-құтқару жасағы күштері мен құралдары, соның ішінде кинологиялық топ жұмылдырылды. Оқиға орнында полиция департаменті мен шұғыл қызмет өкілдері жұмыс істеп жатыр", - деп хабарлады ведомство.

Жергілікті пабликтер оқиға орнынан түсірілген видеоларды жариялап жатыр.

Instagram-дағы бұл жарияланымды көру

АКТОБЕ СЕРГЕК | AQTOBE SERGEK (@aqtobe_sergek) жарияланымы

Тұрғындардың айтуынша, соққы толқыны күшті болғаны соншалық, көрші үйлердің терезесі сілкінген.

ҚАЗІР ТАЛҚЫЛАНЫП ЖАТЫР

Қазақстанда мектеп оқушыларының саны бойынша рекорд тіркелді

Кеше 19:14 1

Қазіргі уақытта құтқарушылар үйіндіні аршу жұмыстарын жалғастырып, оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.

Еске сала кетейік, Павлодарда өртеніп жатқан пәтерден үш баланы құтқарған ер адам іздестіріліп жатыр. Кездейсоқ өтіп бара жатқан ер адам өрттен балаларды құтқарып, өз жөнімен кете берген. Енді бейжай қарамаған батырды алғыс айту үшін іздестіріп жатыр.

Google News арқылы жаңалықтарымызды қадағалаңыз

Жазылу

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
Читать полностью