Aikyn.KZ парақшасындағы деректерге сәйкес, Qazaq24.com ақпарат таратты..
Қайғылы оқиғаға байланысты марқұмның 31 жастағы бұрынғы күйеуі күдікке ілінді, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
Оқиға 5 қарашаға қараған түні болған. Марқұмның туыстары әлеуметтік желіде әйелдің бұрынғы күйеуінің қолынан қаза тапқанын жазды. Олардың айтуынша, күдікті әйелді тұншықтырып өлтірген болуы мүмкін. Марқұмның артында кішкентай қызы қалған.
Ақтөбе облыстық полиция департаменті күдіктінің ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалғанын растады.
Полиция департаменті бастығының орынбасары Әсет Қалиевтің мәліметінше, алдын ала деректер бойынша қайғылы жағдай бұрынғы ерлі-зайыптылар арасындағы тұрмыстық жанжалдан кейін болған.
Бұған дейін олардың арасындағы жанжалдарға қатысты полицияға арыз-шағым немесе хабарлама түспеген.
Қазір Қылмыстық кодекстің 99-бабы («Адам өлтіру») бойынша тергеу жүргізіліп жатыр. Оқиғаның өзге мән-жайы тергеу мүддесіне байланысты жарияланбайды.
Айта кетейік, 3 қарашада Ақтөбедегі Неке сарайында да 26 жастағы әйел пышақ жарақатынан қаза тапқан еді. Ол оқиға бойынша да марқұмның бұрынғы бірге тұрған азаматы ұсталған.