Ақтөбеде жасөспірім өз анасын өлтіріп, әжесін жарақаттады деген күдікке ілінді

03.12.2025

Qazaq24.com, Azh.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..

Көрнекі сурет

Әлеуметтік желіде Ақтөбеде 16 жастағы жасөспірім өз анасын өлтіріп, әжесін жарақаттады деген ақпарат тарады. Сондай-ақ оның құмар ойындарға тәуелді болғаны да айтылуда. Бұл деректі Ақтөбе облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі растады деп хабарлады Zakon.kz. 

Полицияның мәліметінше, кезекші бөлімге қаладағы пәтерлердің бірінде аса ауыр қылмыс жасалғаны жөнінде хабарлама түскен. Оқиға орнына жеткен тәртіп сақшылары зорлық-зомбылық белгілері бар 41 жастағы әйелдің мәйітін анықтаған.

Сонымен қатар пәтерден пышақ жарақатын алған егде жастағы әйел табылып, ол бірден ауруханаға жеткізілген.

Аталған дерек бойынша кісі өлтіру бабымен қылмыстық іс қозғалды. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Полиция оның өз кінәсін мойындап, жауап бергенін хабарлады.

«Тергеу амалдары жалғасып жатыр», — деп мәлімдеді облыстық ПД.

Бүгін, 17:29

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
Читать полностью