Ақтөбеде жастар төбелесіп, салдарынан біреуі қаза тапты

20.03.2026

Aikyn.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып, Qazaq24.com түсініктеме жасады..

Ақтөбеде жастар арасында жаппай төбелес шығып, салдарынан біреуі қаза тапты, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Оқиға Шалқар қаласында түнде болды. Қаза тапқан баланың жасы – 17-де. Полиция қылмыстық іс қозғады.

— Жанжалға қатысқан барлық күдікті анықталып, полиция бөліміне жеткізілді. Олардың іс-әрекетіне қолданыстағы заңнамаға сәйкес құқықтық баға беріледі. Тергеу барысы бақылауда. Кінәлі тұлғалар заң аясында жауапқа тартылады, — деп хабарлады облыстық ПД баспасөз қызметі.

Ақтөбе облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің хабарлауынша, оқиға орнына жедел жәрдем шақырылмаған. Ес-түзсіз денені белгісіз адамдар ауруханаға әкелген кезде дәрігерлер бозбаланың өлімін ғана тіркеп, полицияға хабар берген.

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
Читать полностью