Ақтөбеде жеңіл көлік пен жүк көлігі соқтығысып, екі адам қаза тапты

27.07.2026

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..

Фото: Depositphotos.сom

Жол апаты салдарынан BMW жүргізушісі оқиға орнында қайтыс болды. Кәмелетке толмаған жолаушы ауруханаға жеткізіліп, алайда алған жарақатынан көз жұмды.

Сондай-ақ BMW көлігіндегі тағы 4 жолаушы мен DAF жүргізушісі түрлі жарақаттармен медициналық мекемеге жеткізілді.

Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп, жол апатының барлық мән-жайы анықталып жатыр.

Айта кетейік, Алматы – Өскемен автожолының 474-шақырымында үш көлік соқтығысып, ірі жол-көлік оқиғасы болды. Салдарынан үш адам көз жұмды. 

Бұған дейін Алматы қаласындағы жол апатынан екі адам қаза тапқаны туралы жаздық. 

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
Читать полностью