Ақтөбеде Жеңіс күніне орай 4 мыңнан астам адамға біржолғы көмек беріледі

22.04.2026

Inform.KZ парақшасындағы деректерге сәйкес, Qazaq24.com ақпарат таратты..

Ақтөбе облыстық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының хабарлауынша, қала мен аудандық мәслихаттардың шешімі негізінде 4169 адамға біржолғы материалдық көмек көрсетіледі. Қаржы жергілікті бюджеттен бөлінді.

— Соғыс ардагеріне 1272 АЕК мөлшерінде, яғни 5 501 400 теңге беріледі. Сонымен бірге Екінші дүниежүзілік соғысы ардагерлеріне теңестірілген 1177 адамға 90 АЕК мөлшерінде, яғни 389 250 теңге қарастырылды. Тылда еңбек еткен 1948 адамға да осы мөлшерде біржолғы материалдық көмек көрсетіледі. Қаза тапқан жауынгерлердің 443 жесіріне 153 348 теңге бөлінді. Ақтөбе қаласы және аудан әкімдіктері Жеңіс күні мерекесіне орай Екінші дүниежүзілік соғысы ардагері мен тыл ардагерлерін тұрғылықты мекенжайлары бойынша арнайы барып, құттықтайды, — деп хабарлады Ақтөбе облыстық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы.

Айта кетейік, Ақтөбедегі көзі тірі соғыс ардагері Василий Грецкий Хромтау қаласында тұрады. Ол биыл 102 жаста.

Еске салсақ, Батыс Қазақстан облысында биыл Жеңіс күніне орай 1 722 адамға 91,8 млн теңгеге біржолғы әлеуметтік көмек көрсетіледі

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью