Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..
Ақтөбе облыстық ТЖД баспасөз қызметінің хабарлауынша, 10 жастағы Мансұр Саматовты іздеу кезінде үш сүңгуір тобы 23 рет суға түсіп, шамамен 550 метр жерді тексерді. Тәулік ішінде бес маторлы қайықтың көмегімен Сарыжар ауылынан Саржансай ауылына дейінгі 45 шақырым аумақ қамтылды. Сонымен бірге жағалауда шамамен 20–22 шақырым жер тексерілді. Жалпы іздестіру-құтқару жұмыстарына шамамен 90 адам, 30-дан астам техника, 6 ұшқышсыз ұшу аппараты, 7 жүзу құралы және ТЖМ-нің «Қазавиақұтқару» тікұшағы тартылды. Бұл жұмыс әлі де жалғасып жатыр.
Фото: видеодан алынған скринФото: видеодан алынған скрин Фото: видеодан алынған скрин— Іздеу жұмыстары екінші күн қатарынан жүріп жатыр. Жоспар бойынша 10 топ құрылып, оқиға болған Сарыжар ауылынан Мәртөк ауылына дейін жүріп өтеміз. Өзеннің арғы беті мен бергі беті, өзен түгел тексеріледі. Көктем болған соң өзендегі су ағысы күшейіп тұр. Бұл іздеу жұмысын қиындатады, — деді Ақтөбе облыстық ПД бастығының орынбасары Ардана Саймағамбетов.
Бұған дейін хабарлағанымыздай, 29 наурыз күні кешкілік Мартөк аудандық полиция бөлімінің кезекші бөліміне 2016 жылы туған баланың жоғалғаны туралы хабарлама түсті. Алдын ала мәлімет бойынша, бала суға құлап кетуі мүмкін.