Inform.KZ парақшасындағы деректерге сәйкес, Qazaq24.com ақпарат таратты..
Ақтөбе облысы Мәртөк ауданы Сарыжар ауылындағы іздеу жұмыстарына полициямен қатар кинологтар, сүңгуірлер жұмылды.
Фото: Ақтөбе облысы ПД— 29 наурыз күні кешкілік Мартөк аудандық полиция бөлімінің кезекші бөліміне 2016 жылы туған баланың жоғалғаны туралы хабарлама түсті. Алдын ала мәлімет бойынша, бала суға құлап кетуі мүмкін. Іздеу жұмыстарына полиция қызметкерлері, құтқарушылар, оның ішінде сүңгуірлер, жылу камерасымен жабдықталған ұшқышсыз ұшу аппараттары, кинолог, арнайы техника және тікұшақ жұмылдырылды. Сондай-ақ жергілікті тұрғындар мен әскери қызметшілер тартылған. Елек өзенінде катерлермен патрульдеу жүргізіліп жатыр. Іздеу жұмыстары жалғасады, — деп хабарлады Ақтөбе облыстық ПД баспасөз қызметі.
Айта кетейік, Түркістан облысы Келес ауданында 2018 жылы туған баланы іздеу бойынша іздестіру-құтқару жұмыстары жүріп жатыр. Анасының айтуынша, ол 23 наурыз күні сағат 17:00–де Келес өзенінде суға құлап, батып кеткен.