Inform.KZ парақшасындағы деректерге сәйкес, Qazaq24.com ақпарат таратты..
Жол-көлік оқиғасы осыдан үш жыл бұрын болды. Жол апаты кезінде полиция Mitsubishi Montero Sport автокөлігінің жүргізушісі Самара-Шымкент автожолының 938-шақырымында қарсы қозғалысқа арналған жолаққа шығып, қарсы бағытта келе жатқан Volvo жүк көлігімен соқтығысқанын айтты. Сол кезде жүргізуші әйелдің күйеуі, үш баласы көз жұмды.
Кейін Әйтеке би аудандық сотында Қылмыстық кодекстің «Абайсызда екi немесе одан да көп адамның өлiмiне әкеп соққан жол қозғалысы қағидаларын бұзу» бабы бойынша іс қаралды. Сот жол қозғалысы қағидаларын бұзу фактісі өз дәлелін таппады деген тұжырымға келіп, ақтау үкімін шығарды.
Арада үш жыл өткенде жүк көлігінің жүргізушісіне айып тағылды. Іс Ақтөбе облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Алқа билердің қатысуымен өтті.
Фото: Алтынай Сағындықова/Kazinform— Рамазан Инфуровтың ісі Қылмыстық кодекстің 345-бабы 4-бөлігімен сотқа түсті. Сот Рамазан Инфуровты кінәсіз деп танып, қылмыстық құрам болмауына байланысты ақтайды. Қылмыстық жауапқа заңсыз тартылғаны үшін келтірілген залалды өндіріп алуына болады. Рамазан Инфуров сот залынан босатылсын. Жәбірленуші тараптың 50 млн теңге моральдық, 500 мың теңге заңгердің шығынын өндіру талап арызы қараусыз қалдырылсын, — деді судья И. Исмаилова.
Жәбірленуші тараптың қорғаушысы сот үкімімен келіспейтінін, апелляциялық шағым түсіретінін айтты. Ал сотталушы тараптың қорғаушылары Алқа билерге алғысын жеткізді.
Бұдан бұрын Астана — Қарағанды тасжолында бес көлік соқтығысқанын жаздық.