Inform.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..
Ақтөбе облысы аумағында барлығы 105 жол-көлік апаты болды. Жол апаты кезінде 27 адам көз жұмып, 700-ден астамы жарақаттанды. Жол апаты Самара — Шымкент тасжолында жиі тіркеледі.
Фото: Ақтөбе облыстық ПД— Самара–Шымкент республикалық автожолында қозғалыс көп. Жыл басынан бері мұнда 43 жол-көлік апаты тіркелді. Бес адам мерт болып, 78-і жарақат алды. «Жолдағы қабылдау» акциясы кезінде осы бағытты таңдаудағы мақсат — қауіпсіздікті күшейту. «Заң мен тәртіп» тұжырымдамасы аясында шараға полиция, прокуратура, «ҚазАвтоЖол» АҚ және ТЖД өкілдері қатысты. Жүргізушілерге қолданыстағы заңнама нормалары түсіндірілді, — деп хабарлады Ақтөбе облыстық ПД баспасөз қызметі.
Акцияға жас жол инспекторлары да қатысты. Оқушылар жүргізушілерге өз қолымен жазған үндеу хаттарын таратып, көлік тізгінінде мұқият болуға, жылдамдық режимін сақтауға және жол қозғалысына қатысушылардың өмірін қорғауға шақырды. Жалпы акция барысында 300-ден астам адамға кеңес берілді.
Фото: Ақтөбе облыстық ПД— Біздің басты міндетіміз — жолдардағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету және құқық бұзушылықтардың алдын алу. Жол қозғалысына қатысушылармен арадағы ашық диалог проблемалық мәселелерге дер кезінде жауап беруге және халықтың құқықтық мәдениетін арттыруға мүмкіндік береді, — деді Ақтөбе облыстық ПД бастығының орынбасары Ардана Саймағамбетов.
Айта кетейік, Ақтөбеде биыл жол-көлік апатынан қаза тапқан адамдар саны 31,6% артты. Көбі республикалық тасжолда болды.