24.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..
Ақтөбедегі «Жас жауынгер» бейімдеу орталығында 40-қа жуық мүгедектігі бар бала спортпен шұғылданып жүр.
Клуб ерекше балаларды спортқа баулу арқылы денсаулығын оңалтып, психологиялық дамуына көмектеседі. Елдің 14 өңірінде ашылған орталық «Қазақстан халқына» қорының қолдауымен қызмет етіп келеді. Қоғамдық қор есебінен керекті спорт жабдықтары сатып алынып, түрлі жарыстар да ұйымдастырылады. Сал ауруына шалдыққан, Даун синдромы мен аутизм белгілері бар 6 жастан 18 жасқа дейінгі балалар тегін жаттығады.
Темірлан Назарханұлы, "Жас жауынгер" бейімдеу спорт орталығының жаттықтырушысы:
- Бейімдеу спорт түрлерімен айналысамыз. Яғни бокс, футбол, күрес және басқа да спорт түрлері элементтерін бейімдеп балаларға сол жаттығуларды өткіземіз. Спорт клубымыздың басты мақсаты осындай мүмкіндігі шектеулі балаларды социумға қосу және аяққа тұрғызу.
Сайлаш Сағиева, қала тұрғыны:
- Мұндай балалармен жұмыс істеу өте оңай зат емес. Ұйымдастыру да оңай емес. Мен өзімнің немеремді әкеліп жүрмін. Немерем диагноз Даунамен келеді. Өзі жүріп тұра алады. Қызыға жұмыс істейді осында. Қаламыз деп айтпайды ешуақытта. Барайық ағайларға деп тұрады. Мына жігіттерге көп-көп рақмет айтамыз. Ең негізгісі сол балалар орта тауып, бір-бірімен танысып, дос болып кетті.