Sputnik.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..
АЛМАТЫ, 9 сәуір – Spytnik. Ақтөбеде Халыққа қызмет көрсету орталығында заңсыз көші-қон ұйымдастырды деген күдікпен бір топ адам ұсталды, деп хабарлайды облыстық полиция департаменті.
Оларға заңсыз делдалдық қызмет ұйымдастырды деген айып тағылып отыр. Қылмыстық әрекет 2 сәуірде әшкереленді.
"Олар өздері жалға алған бірнеше кабинетте шетел азаматтарын тіркеу саласында жалған құжаттарды пайдалана отырып, ақылы негізде делдалдық қызмет көрсеткен. Қазіргі уақытта күдіктілер Орта Азия елдерінен келген шетел азаматтарына заңсыз құжат рәсімдеумен айналысқаны анықталды", - дейді полиция.
Жалған құжаттарды дайындау, қолдан жасау және өткізу фактісі бойынша тергеу жүріп жатыр.