Ақтөбеден Қостанайға жаңа газ магистралы тартылуы мүмкін

07.11.2025

Inform.KZ парақшасындағы деректерге сәйкес, Qazaq24.com ақпарат таратты..

- Қостанай өңірінің келешектегі газ тұтыну қажеттігін жабу үшін Ақтөбе облысынан «КС-14 - Қостанай» маршруты бойынша жаңа газ магистралын қарастырылып жатыр. Қазір Қостанай облысының тауарлық газ тұтыну көлемі қайта есептеліп жатыр, - деді QazaqGaz басшысы «Самұрық-Қазына» қоры қоғамдық кеңесінің отырысында.

Сондай-ақ, ол Көкшетау мен Петропавл қалаларын «Сарыарқа» магистралы арқылы газдандыру жобасы әлі күшінде екенін еске салды. Сол үшін қазір аталған газ құбырын тағы кеңейту жобасы пысықталып жатыр.

Бұған дейін Қостанай облысының газ құю стансаларында ұзын-сонар кезек пайда болғанын жазған едік. 

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
Читать полностью