Ақтөбелік кәсіпкер 33 жыл жылқы баққан Рахат Сәрсеновке пәтер сыйлады

04.08.2026

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..

33 жыл бойы жылқы бағып, 100 жылқы ұрлады деген айыппен 7,5 жылға сотталып, қамауда болып, артынан ақталып шыққан Рахат Сәрсенов баспаналы болды. Қарияға баспананы жергілікті ақтөбелік кәсіпкер тарту етті, - деп хабарлайды Aikyn.kz.

Бұл туралы журналист Руслан Өтепбай Instagram парақшасында жазды. Ол заңгермен бірге Сәрсеновтің ауылына барып, оның қазіргі жағдайымен танысып қайтқан.

Оның айтуынша, қиын сәтте қолдау көрсеткен жандар табылған.

"Барша қазақ еліне және жергілікті кәсіпкерге @azamat_ussimbekov Алла разы болсын!" деді тілші.

Ал қария ө тарапынан көзіне жас алып, халқының қолдауына ризашылығын білдірді. 

Іске келер болсақ, заңгерлік жұмыстар басталып кетті. Қажетті арыздар дайындалып, құқықтық тұрғыда күрес жалғасып. Бұл істі соңына дейін бақылап, барлық тараптың пікірін YouTube арнама жарияланатынын журналист Руслан Өтепбай айтты.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Руслан Есмагамбетов (@ruslan_utepbai)

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью