Ақтөбелік оқушы ҰБТ дан 138 ұпай жинады

23.01.2026

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып мәлімет бөліседі..

Ақтөбе қаласындағы №65 орта мектептің 11-сынып оқушысы Айсәуле Жұмабай қаңтар айында өткен Ұлттық бірыңғай тестілеудің сынақ кезеңінде 138 ұпай жинап, ең үздік нәтижеге қол жеткізді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Облыстық білім басқармасының хабарлауынша, зерделі де тәрбиелі оқушы бастауыш сыныптардан бастап тиянақтылығымен, ұқыптылығымен көзге түсіп, осыған дейін түрлі зияткерлік байқаулар мен олимпиадаларға белсенді қатысқан. Ол күзде ағылшын тілі бойынша мектеп оқушылары арасында өткен республикалық олимпиаданың қалалық және облыстық кезеңдерінде жүлделі орындар иеленіп, математика пәні бойынша олимпиадада да үздік нәтижелер көрсетті. Бос уақытында қазақ қаламгерлерінің классикалық туындыларын оқуды ұнатады.

«Әдеби шығарма қарым-қатынас мәдениетін үйретеді, қоршаған ортаны, адамдарды түсінуге көмектеседі. Кітап өмірдегі арман-мақсатыңа жетудің кілтін ашады, болашақ мамандығыңды таңдауға жәрдемдеседі. Оқып болған соң шығармадағы кейіпкердің әрекетіне қарап, қандай шешім қабылдаудың дұрыстығы туралы ойланасың», дейді озат оқушы. 

Бос уақытында ҰБТ-ның негізгі пәндеріне дайындық сабақтарына қоса, өз мектебінегі «тарих мектебі»  факультативіне қатысып, білімін пысықтап жүрген Айсәуленің алғырлығына ұстаздары да риза. Білгенін сыныптастарына үйретуден жалықпайды. 

«Кішкентайынан тәлім-тәрбие берген оқушың мектептің берген білімін жарқыратып көрсетіп жатса, бұл пән мұғалімдері үшін үлкен абырой», дейді қатардағы қазақ мектебінің  мұғалімдері.

Ақтөбе облысы

Соңғы жаңалықтар

Оқушыларға барлық жағдай жасалған

Білім • Бүгін, 07:40

Тағы бір қазақ мектебі ашылды

Білім • Бүгін, 07:30

Он үшінші білім ошағы

Білім • Бүгін, 07:20

Тағы бір колледж халықаралық ынтымақтастықтың жаңа деңгейіне шықты

Қазақстан • Кеше

Әлем және Азия рекорды: Қазақстан мергендері жалпыкомандалық есепте көш бастады

Спорт • Кеше

Бейбітшілік кеңесі туралы тағы бір мәлімет: Ақорда түсініктеме берді

Қазақстан • Кеше

Богданович мұздығында қар көшкіні қаупі жоғары

Оқиға • Кеше

Олимпиада-2026: Фристайл-акробатикадан ел намысын кімдер қорғайды?

Спорт • Кеше

Екі облыс аумағындағы автожол жабылды

Қоғам • Кеше

23 қаңтарда Астанада бірінші ауысым оқушылары қашықтан оқиды

Елорда • Кеше

«Тәуелсіздік ұрпақтары» – 2025 грантының жеңімпаздары марапатталды

Марапат • Кеше

Қазалыда теміржол үстінен өтетін аспалы көпір ашылды

Аймақтар • Кеше

Отаншыл маман даярлауды басты мақсат санаймыз

Пікір • Кеше

Мемлекет басшысы Давоста бірқатар кездесу өткізді

Президент • Кеше

Мемлекет үніңізге құлақ ассын: eOtinish-ке қанша хат келіп түседі?

Қоғам • Кеше

Барлық жаңалықтар

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
Читать полностью