Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып мәлімдеме жасады..
Ақтөбе облыстық білім басқармасы 28-қаңтар күні 1-11 сынып оқушылары мен техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының 1-2 курс білім алушылары қашықтан оқитынын хабарлады. Өңірде мектеп оқушылары дүйсендібен бастап мектепке бармады. Қатты аязда жергілікті басқарма балаларды қашықтан оқытуға шешім қабылдады.
Синоптиктердің хабарлауынша, ертең облыста күн ашық болады. Солтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-шығысқа ауысып, күші секундына 5-10 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде -25-30, облыстың оңтүстігінде -21, күндіз -13-18 градус аяз болады. Ал Ақтөбе қаласында күн райы аздаған бұлтты деп болжанды. Ауа температурасы түнде -26-28, күндіз -13-15 градус аяз болады.
Айта кетейік, ертең Астанада ауа райына байланысты бірінші ауысымның 0-6 сынып оқушылары қашықтан оқыту форматына ауыстырылады.