Ақтөбелік шаруалар асыл тұқымды малға алған субсидияның бір бөлігін қайтарады

16.04.2026

Inform.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

Ақтөбе облыстық мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында «Сату», «Рахат», «Мендибай-Карагаш», «Тайқожа», «Реймкул», «Восток», «Али», «Арман», «Даулет», «Жайлау», «Кендала», «Абдуалиев» шаруа қожалықтарының ісі қаралды. Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы субсидияға алған асыл тұқымды малды бір жылға жетпей тізімнен шығарып жіберген шаруалардың ісі заңсыз екенін айтып, шағым түсірген. Шаруалар барлығы 40 бас мүйізді ірі қараның қаржысын кері қайтаруы тиіс. Бұл дегеніміз – шамамен 9 млн теңге.

Ал төрт шаруа қожалығынан субсидия шығынын өндіру туралы талап арыз қараусыз қалды.

Ақтөбе облыстық мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының қаулысына келіспеген шаруалар облыстық соттың азаматтық істер жөніндегі сот алқасына шағым түсірді. Алайда сот алқасы апеляциялық шағымды қанағаттандырусыз қалдыру туралы қаулы шығарды.

Бұған дейін хабарлағынымыздай, Қостанай қаласында мемлекеттік субсидияларды жымқыру және қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыру фактісі бойынша үкім шығарылды. Сот үкімімен ұйымдастырушы Пархоменко А.Г. 14 жылға бас бостандығынан айырылды.

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
Читать полностью