Ақтөбелік стример әлеуметтік желідегі видеосы үшін жазаланды

09.09.2026

Qazaq24.com, Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып түсініктеме береді..

Ақтөбе тұрғыны әлеуметтік желіде былапыт сөздер айтылған видео жариялағаны үшін жауапқа тартылды, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі өңірлік Полиция департаментіне сілтеме жасап.

Әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу барысында полиция қызметкерлерінің назарына 32 жастағы әйелдің қатысуымен өткен тікелей эфир ілікті. Тексеру нәтижесі бойынша әйел ұсақ бұзақылық жасағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Бұдан бөлек, әйел кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін жауапқа тартылды. Сот оған 20 АЕК (2026 жылы 86 500 теңге) мөлшерінде айыппұл түрінде әкімшілік жаза қолданды.

Полиция өкілдері әлеуметтік желілер көпшілікке қолжетімді қоғамдық кеңістік екенін атап өтті. Заңнама талаптары әлеуметтік желі пайдаланушыларының іс-әрекеттеріне де қолданылады.

Айта кетейік, бұған дейін Ішкі істер министрлігі алдын алу мақсатында тікелей эфир кезінде балағат сөз айтқан стримерлердің есімдерін көпшілікке жариялайтынын мәлімдеген болатын. Сондай-ақ ведомство әлеуметтік желідегі анонимдік жауапкершіліктен босатпайтынын ескертті.

Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз

Қосу

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
Читать полностью