Ақтөбеліктерді толғандырған мәселе

27.01.2026

Aikyn.KZ парақшасындағы деректерге сәйкес, Qazaq24.com ақпарат таратты..

Іс-шара барысында ауыл тұрғындары өздерін толғандырған құқықтық мәселелер бойынша өтініштерін білдіріп, тиісті жауаптар алды.

Қоғамдық қабылдау кезінде тұрғын­дардың күнделікті өмірде кездесетін әлеуметтік және инфрақұрылымдық түйткілдері назарға алынды. Атап айтқанда, аудан тұрғыны Болатбек Серғалиев Хромтау қаласы бағытына қарай мал айдауға арналған жол белгілерін орнату мәселесін көтерді. Жеке қосалқы шаруашылығы бар, жылқы ұстайтын азамат ретінде ол бұл мәселенің өзекті екенін атап өтті.

Сондай-ақ үйінде өрт шығуына бай­ланысты қазір жалдамалы пәтерде тұрып жатқан Удод Лидия қалыптасқан жағдайға байланысты қандай әлеуметтік жеңілдіктер мен қолдау шараларын пайдалануға бо­латынын сұрады.

Іс-шараға аудан прокуроры Ернар Урекешов, аудандық полиция бөлімінің бастығы Максат Сидакин, жеке нотариус Ерлан Айтпаев, әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Айгүл Бижанова, сон­дай-ақ аудандық мәслихат депутаттары қатысып, тұрғындардың сұрақтарына жауап берді.

Партияның облыстық қоғамдық қа­былдау бөлімінің меңгерушісі Майра Бал­қыбаева «Құқықтық көмек» партиялық жобасы тұрғындардың құқықтық сауатты­лығын арттыруға, азаматтардың заңды мүдделерін қорғауға және қоғам мен мем­лекеттік органдар арасындағы өзара сенімді нығайтуға бағытталғанын атап өтті. 

2025 жылы жоба аясында адвокаттар, нотариустар, медиаторлар және заңгерлердің қатысуымен 11 қоғамдық қабылдау өткізілді. Қабылдаулар барысында 270 азамат өтініш білдіріп, олардың 150-інің мәселесі оң шешімін тапты. Ал 120 өтініш бойынша қолданыстағы заңнама аясында тиісті түсін­діру жұмыстары жүргізілді, – деді ол.

Елнар ЕЛТАЙ

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
Читать полностью