Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып түсініктеме береді..
Шалқар ауданына облыс прокуроры Марат Әбішев, облыстық полиция департаментінің бастығы Қайыркен Әлиев барды. Құзырлы орган басшылары көшпелі кеңес өткізді. Негізгі мәселе - құқық бұзушылықтың алдын алу шарасын күшейту және криминогендік жағдайды тұрақтандыру. Әсіресе жасөспірімдер мен жастар мәселесі өзекті.
- Кеңес барысында аудан прокурорының, аудандық полиция бөлімі бастығының және аудан әкімінің құқық бұзушылықтардың алдын алу, қоғамдық орындарды патрульдеу және халықпен өзара іс-қимыл жұмыстары туралы есебі тыңдалды. Өз кезегінде облыстық ПД бастығы жуырда болған резонанстық кісі өлтіру фактісі облыстық полиция департаментінің өндірісіне берілгенін баяндады. Тергеу барысы бақылауда. Облыс прокуроры кісі өлтіру мен бұзақылыққа кінәлі барлық тұлғаны қылмыстық жауапқа тартуды тапсырды. Сонымен қатар, кеңес барысында Марат Әбішев аудандағы қылмыс деңгейінің өсуі профилактикалық жұмыстың жеткіліксіздігінен деп атап өтті. Қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін барлық уәкілетті орган жұмыла жұмыс істеуі тиіс,- деп хабарлады Ақтөбе облыстық прокуратурасының баспасөз қызметі.
Кеңес кезінде облыс прокуроры қылмыстың алдын алу жұмыстарын жандандыруды, профилактикалық есепте тұрған тұлғаларды бақылауды күшейтуді, азаматтардың өтінішіне ден қоюды тапсырды.
Бұған дейін хабарлағанымыздай, Ақтөбеде жастар арасында жаппай төбелес болып, біреуі көз жұмды. Полиция жанжал ішінде болған барлық күдікті анықталып, аудандық бөлімге жеткізілгенін хабарлады.
Жаппай төбелес кезінде көз жұмған бозбаланың әкесі тергеуді әділ өткізуді сұрады. Әлихан Жәнібектің әкесі Жәнібек Әлиманов әлі де қала ішінде аудан-аудан болып төбелесетіндер бар екенін айтты.