Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..
Фото: ІІМ
Шетелдік азаматтар жергілікті атқарушы органның тиісті рұқсатынсыз еңбекке тартылған. Аталған жайтқа байланысты мердігер компания әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 100 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл арқалаған.
«Сонымен қатар бес шетел азаматы да көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін жауапқа тартылды. Сот шешімімен олардың төртеуіне айыппұл салынса, бір азаматқа 1 тәулік әкімшілік қамау жазасы тағайындалды» делінген ІІМ хабарламасында.
Еске сала кетейік, бұған дейін бір келі есірткіні жұтып, ел аумағына өтпек болған шетелдік ұсталған болатын.