Ақылды киіз үй: Маңғыстаулық студенттер дәстүр мен технологияны біріктірді

23.03.2026

Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып мәлімдеме жасады..

Ұлыстың ұлы күні — Әз-Наурыз мерекесі аясында Маңғыстауда тың жоба көпшілік назарына ұсынылды. Н.Бекбосынов атындағы Маңғыстау энергетикалық колледжінің студенттері «SMART KIIZ ÜI» инновациялық әзірлемесін таныстырды.

Жоба дәстүрлі киіз үйді цифрлық технологиялармен біріктіріп, «ақылды» тұрғын үй концепциясын ұсынады.

Фото: Оқу-ағарту министрлігі

— Атап айтқанда, киіз үй баламалы энергия көздерімен, соның ішінде күн панельдерімен жабдықталған. Арнайы мобильді қосымша арқылы жарық жүйесін және есік-терезелерді қашықтан басқаруға болады. Сонымен қатар ішкі климат автоматты түрде реттеліп, температура мен ылғалдылық тұрақты бақылауда ұсталады. Қауіпсіздік мақсатында өрт пен газды анықтайтын сенсорлар орнатылған, — делінген хабарламада.

Әзірлеме туризм саласына да бағытталған. Жобаны глэмпинг форматында пайдалану ұлттық құндылықтарды заманауи өмір салтымен үйлестіруге мүмкіндік береді.

Фото: Оқу-ағарту министрлігі

Бұл бастама студенттердің IT, энергетика және дизайн бағыттарындағы білімін тәжірибеде тиімді қолдана алатынын көрсетеді. Сонымен қатар мұндай жобалар өңірдің инновациялық және цифралық дамуына серпін береді.

Осыған дейін Жезқазғанда «Үздік киіз үй» байқауы өтіп, жеңімпаздар ақшалай сыйлықтарға ие болды.

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
Читать полностью