Ақылды транзиттің мүмкіндігі

12.02.2026

Egemen.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

Еліміз көлік-логистика жү­йесін жаңғыртуда инф­ра­құрылымдық кеңею мен цифрлық транс­фор­мацияны бір арнаға тоғыстырды. Бұл бағыт­та жасанды интеллект, автоматтандырылған бақылау, бірыңғай платформалар мен деректер алмасу жүйелері тран­зиттік саясаттың негізгі тірегіне айналып отыр.

Цифрландыру дәуіріндегі көлік қызметі

Саланы цифрландырудағы мақсат – шекаралық рәсімдер­ді жеделдету, өткізу қабілетін өсіру, адам факторы ықпалын азайту, халықаралық сенімді күшейту. Қалыптасып келе жатқан модель елімізді тасымал дәлізі ғана емес, цифрлық логис­тика орталығына айналдыруға бағытталған.

Автомобиль жолдары секто­рында жүргізіліп жат­қан жаңғыру осы өзгерістің практикалық көрінісі саналады. Былтыр құрылыс пен жөндеу жұмыстары 13 мың шақырым жолды қамтыды. Рес­публикалық желінің 93 пайызы нормативтік жағдайда. Ішкі шекарадағы өткізу бекеттерін жаңарту кезең-кезеңімен жүріп жатыр, 2027 жылға дейін 37 бекет іске қосылады. Көлік ми­нистрі Нұрлан Сауранбаев жол тиімділігін арттыруда цифрлық шешімдердің рөлі айрықша екенін айтты.

«Автожол саласында ақпараттық жүйе­­лердің кешені қалыптасты. Цифр­­лық пас­­порттау мен интеллектуалды диагнос­тика жол сапасын нақты дерекке сүйеніп бас­қаруға мүмкіндік береді. Бұл – пилотсыз көлік технологияларына өтудің негізі», деді министр.

Қазір e-Joldar платформасы арқылы жол­дардың цифрлық паспорты жасалып жатыр. Жасанды интеллектіге негіз­дел­ген Smart Road Diagnostic System жүз шақырымды шамамен төрт сағатта тек­серіп, жеті түрлі ақауды 95 пайыз дәл­дікпен анықтайды. Ауыр жүктемені бақы­лауға автоматтандырылған өлшеу стан­салары орнатылып жатыр, оның он шақтысы іске қосылды. Мұндай бақылау жол жабы­нының мерзімін ұзартып, жөн­деу шығынын азайтады.

Автожол комитетінің Инвестициялық жо­баларды әзірлеу басқармасының бас­шы­сы Перизат Нұрманова көлік дәліз­дері­нің кеңеюі өңірлік экономиканың құрылымына әсер ететінін жеткізді. «Жаңа бағыттар шалғай аумақтарды біріктіріп, сервистік инфрақұрылымның дамуына жол ашады. Сапаны цифрлық бақылау тиімді екенін уақыттың өзі көрсетіп отыр», деді ол.

Жол сапасын бағалауда ұшқышсыз аппараттар, үш өлшемді модельдеу мен цифрлық картография қолданылып келеді. Инженерлік тексерулердің нәтиже­ле­рі бірыңғай базаға тіркеледі. Бұл тәсіл ақау­­лар­ды ерте анықтауға мүм­кіндік береді.

Теміржол саласы цифрлық жаңғыру арқылы өндірістік тиімділікті арттырып отыр. Жүк тасымалы көлемі 380,3 млн тоннаға жетті, өсім – 7,9 пайыз. «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының басшысы Талғат Алдыбергенов интеллектуал­ды технологиялардың нақты эконо­ми­ка­лық әсерін атады.

«Смарт-диагностика жүйесі мыңдаған шақырым желіні қамтып, жөндеу ісін жоспарлауды жеделдетті. Вагон паркін басқарудың цифрлық платформасы жылына миллиардтаған теңге үнем береді. Қашықтан мониторинг жасау қозғалыс қауіпсіздігін күшейтті», деді компания басшысы.

Оның айтуынша, «Wabtec» компания­сы­ның Kinetix жүйесі қозғалыс­тағы құрам­ды тоқтатпай диагнос­ти­калауға мүм­кіндік береді. Магистрал­дардың мыңдаған шақы­рымы автоматтандырылған басқару жүйе­лерімен жабдықталып жатыр. Бұл пойыз­дарды жоспарлау уақытын бірнеше есе қысқартады. 

ЖИ мен жедел тексеру жүйесі

Теміржол мен автотасымалдаудағы негізгі цифрлық түйін – Smart Cargo бірыңғай платформасы. Ол мемлекеттік органдардың ондаған сервисін біріктіріп, жүк декларациясын, бақылауды, құжат айналымын электрондық ортаға көшіреді. Қазір платформада жүктің орнала­суын онлайн бақылау, жасанды интеллект ассистенттері, автоматты тексеру функ­ция­лары бар. Шекарадан өтуге арнал­ған «жасыл дәліз» тетігі транзиттік деклара­цияны автоматты рәсімдеуге мүмкіндік береді.

Жасанды интеллект және цифр­лық даму бірінші вице-министрі Ростислав Коня­шкин мультимодальды тасымал­дар­дың 50 бизнес-үдерісіне қайта талдау жасалғанын айтты.

«Негізгі түйткілдер – рәсімдердің күрде­лілігі мен деректер алмасудың әлсіз­дігі. Бірыңғай цифрлық орта бұл кедергі­лерді жояды. Рәсімдердің басым бөлігі авто­маттандырылып, тасымал уақыты айтар­лықтай қысқарады», деді вице-министр.

Көлік саласында 38 мемлекеттік қыз­мет толық онлайн форматқа көшіріл­ген. Қызметтердің 94 пайызы электрондық түрде ұсынылады. «Astana Hub» экожүйе­сін­дегі 30 жоба логистиканы оңтай­ландыру бағытында жұмыс істейді. Relog.ai платформасы маршруттарды автоматты жос­парлап, шығынды 40 пайызға дейін азайтады. MultiCode жүйесі вагон паркін интеллектуалды басқаруға мүмкіндік береді.

Кедендік әкімшілендіруді цифрландыру транзиттік инфрақұрылымның өткі­зу қабілетін күшейтті. Қаржы министрі Мәди Такиев бірыңғай Keden плат­­фор­масының нәтижесін нақты дерек­термен сипаттады.

«Транзиттік рәсімдер бірнеше есе жеделдеді. Контейнерлік пойыздарды рәсімдеу уақыты сағаттардан ондаған минутқа қысқарды. Электрондық кезек жүйесі тәртіпке келтіріліп, жасанды интеллект инспекциялық бақылауға енгізілді», деді министр.

Өткізу бекеттерін жаңғырту нәтиже­сін­де көліктің өту мерзімі тоғыз сағаттан шамамен жарты сағатқа дейін қысқарды. Кедендік түсімдер былтырғы 11 айда 566 млрд теңгеге жетіп, өсім 16 пайызды құраған. Шекара маңында көлік-логис­ти­калық орталықтар іске қосылып, жүк өңдеу тиімділігі артты.

Әуе тасымалы да цифрлық ортаға бейім­деліп келеді. e-Freight жүйесі халық­­аралық стандарттарға сай жұмыс істеп, кедендік әрі санитарлық бақы­лау­ды біріктіреді. Биометриялық сәй­кестендіру енгізу жоспары жолаушы қоз­ғалысын жеделдетеді. Жасанды интел­лект жүктерді өңдеу уақытын бір сағат­қа дейін қысқартуға мүмкіндік береді.

Цифрлық дәліз жобалары көлік инфра­­­құ­ры­лымын деректер транзитімен ұштас­тырады. «Қазақстан автожолшылар қауымдастығының» төрағасы Бағлан Баймағанбетов бұл бағыттың стратегиялық маңызын атап көрсетті. «Еліміз физикалық жол ғана емес, деректер транзитінің торабын қалыптастырып отыр. Бұл – ақпараттық қауіпсіздік пен цифрлық экономиканың жаңа деңгейі», деді ол.

Көлік инфрақұрылымының жаң­ғыруы туризм мен өңірлік дамуға серпін беріп отыр. Мыңдаған шақырым жол жаңар­­тылып, туристік бағыттарға қол­же­тімділік артты. Жолаушы вагондары кезең-кезеңі­­­мен ауыстырылып жатыр, алдағы жылдары парктің басым бөлігі жаңарады. Әуе­жайлар мен вокзалдарды жаңғырту қозғалыс сапасын көтереді.

Көлік секторындағы цифрлық архитектура еліміздің транзиттік рөлін жаңа деңгейге шығарып отыр. Жасанды интел­лектіге негізделген басқару, автомат­­тан­дырылған бақылау, бірыңғай деректер платформалары жүк пен ақпарат қозға­лы­сының үздіксіз жүргізілуін қамтамасыз етеді. Бұл модель елдің Еуразиялық кеңіс­тіктегі стратегиялық маңызын күшей­тіп, эко­номикалық өсімнің жаңа мүмкін­дік­теріне жол ашады.

Соңғы жаңалықтар

Күрделі кезеңдегі іргелі бетбұрыс

Сараптама • Бүгін, 08:15

Міндет мінсіз орындалса игі

Саясат • Бүгін, 08:10

Стратегиялық маңызды теміржол желісі іске қосылады

Саясат • Бүгін, 08:05

Газ саласын реттейтін құжат талқыланды

Саясат • Бүгін, 08:00

Елена Рыбакинаның 20 жетістігі

Теннис • Кеше

Жеңіл атлеттер Қытайда жеті жүлде олжалады

Спорт • Кеше

Дзюдошылар Парижде үш қолаға қол жеткізді

Спорт • Кеше

Қазақстандық биатлоншылар 2026 жылғы Олимпиадада жекелей сайыста өнер көрсетті

Олимпиада • Кеше

Ертең елордада мектеп оқушылары мен колледж студенттері қашықтан оқиды

Ауа райы • Кеше

Олимпиада-2026: Шыңғыс Ракпаров шаңғы қоссайысында 35-орынға жайғасты

Олимпиада • Кеше

Алматыда хирургтер 31 магнит жұтып қойған баланың өмірін сақтап қалды

Оқиға • Кеше

Жаңа Конституция: Сарапшылар қоғамдық тұрақтылық пен дамуға қолдау білдірді

Ата заң • Кеше

Президент азаматтардың құқығын қорғау және қоғамдық тәртіпті сақтау мәселелері бойынша жиын өткізді

Президент • Кеше

Ерлан Қарин: Жаңа Конституция тұңғыш рет алдымен қазақ тілінде әзірленді

Ата заң • Кеше

Қостанай облысында интернет-алаяқтықтың жолы кесілді

Аймақтар • Кеше

Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
Читать полностью