Ақылдың мүмкіндігі шексіз: Джо Диспензаның кітабы қазақ тілінде жарық көрді

15.10.2025

Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..

Фото: Солтан Жексенбеков / Kazinform

— Біз бұған дейін Диспензаның «Сергек сана» атты кітабын қазақша шығардық, ол өте жақсы сатылды. Сол себепті оқырман сұранысымен «Ақылдың мүмкіндігі шексіз» кітабын аудардық. Редакциялық, беттеу, корректура жұмыстары 7-8 айға созылды. Ал демеуші табылған соң бірден басып шығардық. Алғашқы тираж — 2000 дана. Бұл еңбекте медитацияның техникасы, тыныс алу жүйесі, армандарға жету жолдары егжей-тегжейлі баяндалады. Кітапты оқып шыққан адам өз өмірін трансформациялай алады. Ешқандай тренингке бармай-ақ, өзіңізге психолог бола аласыз, — дейді Foliant баспасы Non-fiction бөлімінің аға редакторы Ляззат Кемелбаева кітаптың мазмұны мен дайындалу барысы туралы. 

Оның айтуынша, келесі жылы Джо Диспензаның «Плацебо» деп аталатын тағы бір кітабын қазақша басып шығару жоспарланып отыр.

Фото: Солтан Жексенбеков / Kazinform

Marwin/Meloman дүкендері желісінде өтіп жатқан BOOKFEST 2025 фестивалі аясындағы іс-шара модераторы, журналист Мақсат Асылбайұлы Диспенза еңбегін ұлттық руханиятпен байланыстырды.

Фото: Солтан Жексенбеков / Kazinform

— Бұл кітапта баяндалатын идеялар біздің дәстүрлі дүниетаныммен үндес. Яссауиден бастап Бекет ата, Мәшһүр Жүсіп, Абай, Шәкәрімге дейін жалғасқан рухани іліммен сабақтас. Кеңес кезінде тыйым салынған бұл білім түрі біздің ата-бабалардан келе жатқан рухани тәжірибенің заманауи ғылыми жалғасы деуге болады.

Басқасу барысында Quiz ойыны ұйымдастырылып, жеңімпаздарға жаңа кітаптар сыйланды. Кеш соңында Джо Диспенза ілімінің басты элементі — медитация тәжірибесі өткізіліп, қонақтар кітап рухын өздері сезініп шықты.

Фото: Солтан Жексенбеков / Kazinform Фото: Солтан Жексенбеков / Kazinform

Айта кетелік, бұған дейін елордада белгілі қаламгер Баянғали Әлімжановтың балаларға арналған «400 тәтті тақпақ» атты тақпақтар жинағының таныстырылымы өтті.
Камила Мүлік

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
Читать полностью