Ақылы жолдар кірісі 87 млрд теңгеге жетті

03.03.2026

7kun.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

Өткен жылы Қазақстандағы ақылы автожолдардан 87 млрд теңге кіріс түсті.

Бұл туралы ҚазАвтоЖол ұлттық компаниясының басқарма төрағасы Дархан Иманашев Үкімет отырысында мәлімдеді.

Оның айтуынша, жиналған қаражат толықтай жолдарды күтіп-ұстауға жұмсалған. Соның ішінде 1 456 арнайы техника мен жабдық сатып алынып, 354 мың шаршы метр жол жабынына ағымдағы жөндеу жүргізілді. Сондай-ақ көктайғаққа қарсы 340 мың текше метр материал себілген.

Компания басшысы ақылы жолдардағы көлік қозғалысы өткен жылы 20%-ға артқанын атап өтті. Соған қарамастан, жол-көлік оқиғаларының саны 8%-ға азайған.

Қолайсыз ауа райы кезінде қабылданған жедел шаралардың арқасында эвакуацияланған азаматтар саны үш есе қысқарған. Бұдан бөлек, 700 мыңнан астам автокөлікке колоннамен сүйемелдеу қызметі көрсетіліп, жол қауіпсіздігін арттыру үшін орташа жылдамдықты есептеу тетігі енгізілген.

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
Читать полностью