Egemen.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..
Суретті түсірген – Ерлан ОМАР, «EQ»
Абонементтерді ақылы жол учаскесіне жақын орналасқан аудандарда тіркелген көлік иелері ғана сатып ала алады. Бұл ретте көлік құралының ақылы жолдар бойынша берешегі болмауы қажет. Көлік иесінің тіркелген мекенжайы Ішкі істер министрлігінің ақпараттық базасы арқылы тексеріледі.
Жеңіл автокөліктер үшін тек жылдық абонемент қарастырылған. Оның құны – 1 АЕК-ті яғни, 4 325 теңгені құрайды.
30 күнге жарамды айлық абонементтің бағасы көлік түріне байланысты белгіленген:
16 орынға дейінгі автобустар мен жүк көтергіштігі 2,5 тоннаға дейінгі жүк көліктері – I санаттағы жолдарда 8 650 теңге, II және III санаттағы жолдарда 4 325 теңге; 32 орынға дейінгі автобустар мен 5,5 тоннаға дейінгі жүк көліктері – 17 300 және 8 650 теңге; 32 орыннан асатын автобустар мен 10 тоннаға дейінгі автопоездар – 25 950 және 12 975 теңге; 10-15 тонна жүк көліктері – 34 600 және 17 300 теңге; 15 тоннадан жоғары жүк көліктері, тіркемесі бар көліктер мен ершікті тартқыштар – 43 250 және 21 625 теңге.365 күнге жарамды жылдық абонементтің құны:
жеңіл автокөліктерге – 4 325 теңге; 16 орынға дейінгі автобустар мен 2,5 тоннаға дейінгі жүк көліктеріне – 86 500 және 51 900 теңге; 32 орынға дейінгі автобустар мен 5,5 тоннаға дейінгі жүк көліктеріне – 173 000 және 103 800 теңге; 32 орыннан асатын автобустар мен 10 тоннаға дейінгі автопоездарға – 259 500 және 155 700 теңге; 10-15 тонна жүк көліктеріне – 346 000 және 207 600 теңге; 15 тоннадан жоғары жүк көліктеріне, тіркемелі көліктер мен ершікті тартқыштарға – 432 500 және 259 500 теңге.Абонементті бірнеше тәсілмен рәсімдеуге болады:
Абонеменетті 1403 байланыс орталығына хабарласу арқылы рәсімдеуге болады. Бұл үшін көлік нөміріне тіркелген шотқа алдын ала абонемент құнының көлемінде қаражат салу қажет; Kaztoll порталында тіркеліп, «Абонемент рәсімдеу» бөлімінен қажетті абонемент түрін таңдау; ақылы жолдағы төлем алу пунктіне немесе клиенттерге қызмет көрсету орталығына жүгіну. Төлемді банк картасымен, қолма-қол ақшамен немесе интернет-банкинг арқылы жасауға болады.Еске сала кетейік, елімізде 10 шілдеден бастап Қарағанды – Балқаш – Бурылбайтал, Бурылбайтал – Құрты және Талдықорған – Өскемен бағыттарында ақылы жол жүйесі іске қосылды.