Ақындар Жүрсін Ерманды мерейтойымен құттықтады (видео)

18.02.2026

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып мәлімдеме жасады..

Ақын, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Жүрсін Ерманды шәкірттері мерейтойымен құттықтады, – деп жазды Aikyn.kz.

Айтыскер ақын Айнұр Тұрсынбаева әлеуметтік желіде видео жариялады. Онда өзімен бірге Сырым Әуезхан және Жандарбек Бұлғақов мерейтой иесінің шаңырағына барғанын көруге болады.

«Бүгін қазақ айтысының қара нары, бәрімізді әкеміздей қамқорлығына алып, сахнаға шығарған Жүрсін ағамызды 75 жылдық мерейтойымен арнайы құттықтап қайттық. Ертеңгі дүбірлі тойдың басын өзінің ақын ұл-қыздары бастап бергеніне Бақытжамал апамыз екеуі бір марқайып қалды. Ағамыздың мерейлі мерекесіне Жезқазғаннан арнайы келген ағайын-туыстары кеше ғана өзіміз өткізген «Қазақи шоуды» сүйсініп көргенін және жобаның жалғасын тағатсыздана күтіп жүргенін айтты. Жүрсін ағамыз да біздің бастамамызды жоғары бағалап, алдағы жоспарларымызға ақ батасын берді. Айтыстың ақсақалы, қазақ өнерінің қара нары ұзақ жасасын!» - деп жазды Айнұр Тұрсынбаева.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью