Ақырын жарылатын мина сарапшы Ұлдана Мырзуан қаза тапқан үй туралы

09.09.2026

Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып, Qazaq24.com түсініктеме жасады..

Астанада фельдшер Ұлдана Мырзуанның өліміне қатысты сот талқылауы жалғасып жатыр. Бүгін сот құрылыс саласының маманы Вероника Лобаеваны тыңдады, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Сарапшы сотқа құрылыс-техникалық сараптамасына жасалған рецензияны ұсынып, қайғылы оқиға болған ғимарат конструкциясының кемшіліктеріне егжей-тегжейлі тоқталды.

Оның бағалауынша, ғимараттан табылған жарықтар мен өзге де ақаулар негізгі себеп емес, керісінше, жобадағы елеулі сәйкессіздіктің салдары болған. Нақтырақ айтқанда, ғимараттың іс жүзіндегі биіктігі жобада қарастырылған деңгейден екі есеге артқан.

Маманның түсіндіруінше, ғимарат бес қабатты болып салынуы тиіс еді. Қабаттар санының артуы конструкцияға түсетін салмақты айтарлықтай өзгерткен, соның ішінде жүктемелердің әсерін күшейткен.

"Егер ғимарат бес қабатты болып салынса, ол мұндай жел және динамикалық жүктемелерге ұшырамас еді. Ғимараттың биіктігі қажетті есептік параметрлерсіз екі есеге ұлғайтылған", - деді Лобаева.

Сарапшының айтуынша, жағдай құрылыс ақауларының тұтас кешенімен ушыға түскен. Олардың қатарында маман қажетті арматураланған белдеу мен бекіткінің жоқтығын, әлсіз ерітінді мен сынық кірпіштердің қолданылғанын атап өтті. Вероника Лобаева бұл факторлардың әрқайсысын бөлек емес, жиынтық түрде қарастыру қажеттігін баса айтты.

"Меніңше, жарықтар сияқты ақаулар - бұл негізгі себеп емес, оның салдары. Әрине, жобадағы сәйкессіздіктер - атқарушылық сипаттағы құрылыс ақауларымен күшейтілген, уақыты келгенде жарылатын мина іспеттес", - деді маман.

Дәл осы жобалық және құрылыс талаптарының бұзылуының жиынтығы ақыр соңында конструкцияның тұрақтылығына әсер етуі мүмкін еді, деді ол.

Сарапшы кірпіш қалауын талдау нәтижелеріне де арнайы тоқталды. Заттай-аспаптық бақылау барысында сарапшылар қалаудың іс жүзіндегі орындалуы, жобалық құжаттама және нормативтік талаптар арасындағы айтарлықтай алшақтықтарды анықтаған. Сонымен қатар қажетті зертханалық зерттеулерді толық көлемде жүргізу мүмкін болмаған. Маманның сөзінше, кірпіш қалауы сынама алу процесінде-ақ үгітіліп кеткен.

Тағы бір елеулі кемшілік ретінде ол қолданылған ерітіндінің сапасын атады.

"М25 ерітіндісі ғимараттың көтергіш конструкциялары үшін қолданылмайды. Бұл беріктік қоры жоқ өте әлсіз ерітінді", - деді ол.

Фельдшер Ұлдана Мырзуанның өліміне қатысты сот талқылауы жалғасып жатыр.

Бұған дейін Ұлдана Мырзуанның өліміне қатысты сот туралы хабарланған болатын. тікелей эфирде өтеді. Трансляцияны YouTube-арнамыздан және Tengrinews.kz сайтынан көруге болады.

Өткен отырыстарда не болды?

18 тамызда Астананың қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотында басталды фельдшер Ұлдана Мырзуанның өліміне қатысты іс бойынша алдын ала тыңдау басталды. Істі судья Меруерт Абаева жүргізіп жатыр.

Бұған дейін марқұмның жұбайы Әділет Зейнел Ұлдананың анасының пайдасына жәбірленуші мәртебесінен бас тартатыны айтылған еді. Алайда кейін сот бұл өтінішті қанағаттандырудан бас тартты.

Айыпталушылар орындығында қайғылы оқиға болған үйдің МИБ төрағасы Сәуле Жұбаниязова отыр. Өткен сот отырысында ол өзін кінәсіз деп санайтынын мәлімдеді.

Ұлдананың анасының адвокаты Нұрсұлтан Орынбековтің айтуынша, бұл іс Қылмыстық кодекстің 254-бабы ("Міндеттерге адал қарамау") бойынша қаралып жатыр.

20 тамызда сотталушының адвокаты судья Меруерт Абаеваға қарсылық білдірді, алайда бұл өтініш қабылданбай, процесс жалғасты.

фельдшер Ұлдана Мырзуанның күйеуі Әділет Зейнел сотта жауап берді. Ер адам жұбайы қайғылы жағдайға ұшыраған күн туралы баяндады. Сондай-ақ ол сотқа жұбайының қазасы туралы қалай білгенін және әкімдікте алған 20 миллион теңге туралы хабарлады.

Сондай-ақ оның анасы да жауап берді. Әйелдің айтуынша, өз қызын танымай қалғанын ауруханаға барған кезде белгілі болған. Сонымен қатар жәбірленуші құдағиының әкімдіктен берілген көмек қаржының 4,5 миллион теңгесін қайтаруды талап еткенін жеткізді.

Одан бөлек, қайғылы оқиға болған күні Ұлдана Мырзуанмен шақырту орнына келген фельдшер Дильназ Байзақова да сотта жауап берді. Оның айтуынша, Ұлдананың "сау тамтығы қалмаған. Тағы бір жәбірленуші Гүлнар Қалиева сол күні "кірпіштер жаңбырша жауғанын" айтты.

Сонымен қатар 2 қыркүйектегі сот отырысында куәгер қайғылы оқиға болған үйде жарықтар пайда болғанын айтты. Ал тағы бір куәгер "үйдің іргесі сөгіліп жатыр" деп мәлімдеді.

Ұлдана Мырзуанның өлімі: сотта қаптама құлаған сәттің видеосы көрсетілді

3 қыркүйекте сот талқылауы жалғасты. Мемлекеттік айыптаушы Нұрдәулет Әбуов техникалық сараптама қорытындысын оқып берді, онда қайғылы оқиғаға әкелген ғимарат қасбетінің құлау себептері егжей-тегжейлі сипатталған.

"Бүкіл үй құлап жатыр деп ойладым" - Ұлдана Мырзуанның өліміне қатысты іс бойынша куәгер

Бұған дейін Ұлдана Мырзуанның өліміне қатысты сот тікелей эфирде өтетіні хабарланды. Трансляцияны YouTube-арнамыздан және Tengrinews.kz сайтынан көруге болады.

Қайғылы оқиға қалай болды?

2025 жылғы 8 қарашада Астанада Тәуелсіздік даңғылы, 24 Б мекенжайындағы тоғыз қабатты үйдің қасбетінен кірпіш қаптама құлаған. Салдарынан бес адам зардап шекті. Олар №1 көпбейінді ауруханаға жатқызылды.

Бір пациенттің жағдайы өте ауыр болды, оған ота жасалды. Тағы екі адам жансақтау бөлімінде жатты, дәрігерлер олардың жағдайын ауыр деп бағалады. Қалған екі адам бөлімшеге орналастырылды, олардың жағдайы тұрақты деп бағаланды.

Ең ауыр жарақат алған пациент - оқиға орнына жеткен жедел жәрдем фельдшері, 23 жастағы Ұлдана Мырзуан болып шықты. Қыздың туыстарының айтуынша, ол зардап шеккендерге алғашқы болып көмекке ұмтылған. Олардың арасында бала, оның анасы және туысы болған. Ұлдана зардап шеккендерге қарай жүгірген кезде, "үстіне кірпіш мен кондиционердің бекіткіші құлаған". 18 қарашада ол ауруханада көз жұмды.

Оқиғадан кейін полиция Қылмыстық кодекстің 278-бабы "Сапасыз құрылыс" бойынша қылмыстық іс қозғады. Кейін істе тағы бір бап пайда болды – 306-бап "Қауіпсіздік талаптарына сай келмейтін тауарларды шығару немесе сату, жұмыстарды орындау не қызметтерді көрсету".

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлдана Мырзуанды ерлігі, жанқиярлығы және міндетін үлгілі атқарғаны үшін "Ерлігі үшін" медалімен марапаттады. Қазақстандықтар жедел жәрдем фельдшерімен қалай қоштасқаны туралы мына материалда.

Google News арқылы жаңалықтарымызды қадағалаңыз

Жазылу

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью