Ақжайық резерватында құстың 292 түрі тіркелді: оның 36 Қызыл кітапқа енді

21.10.2026

Azh.KZ парақшасындағы деректерге сәйкес, Qazaq24.com ақпарат таратты..

Күзгі құстар көші-қоны кезінде «Ақжайық» мемлекеттік табиғи резерваты қанаттылардың аялдап, қоректеніп, күш жинайтын мекеніне айналады. Бүгінде мұнда құстың 292 түрі тіркелген, оның 36 түрі Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген.

Резерват орнитологы Илья Бофоновтың айтуынша, көктемгі және күзгі көші-қон кезеңінде аумақта үйрек, шүрегей, қаз бен аққулар жиі кездеседі.

Экологиялық туризмді дамыту мақсатында резерват аумағында туристік төрт маршрут әзірленген. Олар:

«Табиғат әлемі», «Дала әлемі», «Құстар жұмағы» «Су әлемі». 

Бұл бағыттар арқылы келушілер өңірдің табиғи байлығымен танысып, құстарды табиғи ортасында бақылай алады.

Сурет пен видеоны түсірген ӨКҚ

Бүгін, 11:07

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью