Qazaq24.com, Azh.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..
Видеодан стоп-кадр
«Ақжайық» мемлекеттік табиғи резерватының инспекторлары кезекті бақылау және биотехникалық іс-шаралар барысында жабайы қабанды бейнежазбаға түсірді.
Резерват аумағында табиғи кешеннің жағдайын қадағалау және жануарлар дүниесін қорғау жұмыстары тұрақты түрде жүргізіліп келеді.
Қабанның кадрға ілігуі – өңірдегі биоалуантүрліліктің сақталып отырғанының айқын дәлелі.
Бұл оқиға табиғатты қорғау шараларының нәтижелі екенін көрсетіп, жабайы жануарлардың тіршілігін бақылаудың маңызын тағы бір мәрте дәлелдейді.
Бүгін, 13:12