Inform.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..
Бүгінде кәсіпорынның өндірістік алаңдарында 12 мыңнан астам қызметкер еңбек етеді. Кеншілер жаңа Конституцияның қабылдануы еліміздің осыған дейінгі даму кезеңін қорытындылап, мемлекет дамуының жаңа сатысына жол ашатынына сенімді.
Фото: Соколов-Сарыбай тау-кен өндіру бірлестігі АҚҰжым өкілдерінің пікірінше, конституциялық реформа – басымдықтар жүйесінің нақты көрінісі. Соның ішінде тұрақтылық, басқарымдылық және бірізділік қағидаттары ерекше мәнге ие.
Фото: Соколов-Сарыбай тау-кен өндіру бірлестігі АҚСонымен қатар «еңбек қауіпсіздігі – мемлекеттің міндеті» деген норманың бекітілуі өндіріс саласы үшін маңызды шешім ретінде бағаланып отыр. Қызметкерлер өндірістегі адам өміріне қауіп төндіретін экономикалық мақсаттарды немесе саланың ерекшелігін ешбір жағдайда ақтауға болмайтынын атап өтеді. Ендігі жерде мемлекет пен жұмыс беруші жарақаттану, өндірістік апаттар мен кәсіби аурулардың алдын алуға тікелей жауапты болады.
Фото: Соколов-Сарыбай тау-кен өндіру бірлестігі АҚФото: Соколов-Сарыбай тау-кен өндіру бірлестігі АҚ– Конституциялық өзгерістер тек бүгінгі күннің емес, ұзақ мерзімді тұрақты дамудың алғышарттарын айқындайды. Өнеркәсіп саласы үшін бұл айрықша маңызды. Мұнда адам, еңбек қауіпсіздігі, әлеуметтік тұрақтылық және экономикалық ортаның сапасы сөз болып отыр, – деді Шухрат Ибрагимов. – Жаңа Конституция еңбек адамының рөлін нығайтады. Жауапкершілік тепе-теңдігін қалыптастырып, өндірісті дамыту мен қызметкерлер мүддесін қорғау өзара байланысты міндетке айналады. Сондықтан референдумға қатысу – әр азаматтың ел дамуының ертеңгі бағытын айқындайтын саналы таңдауы.
Тау-кен кәсіпорнының қызметкерлері конституциялық өзгерістердің мәнін түсінетінін және оларды қолдауға дайын екенін білдірді.
Фото: Соколов-Сарыбай тау-кен өндіру бірлестігі АҚОлар қазақстандықтарды алдағы референдумға қатысып, өз таңдауларын жасауға шақырды.