Әр айтқан сөзіне жауап береді: актер Нұрсұлтан Жақсыгеннің бұрынғы әйелі арыз жазатынын айтты

13.12.2025

Aikyn.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..

Актер Нұрсұлтан Жақсыгеннің бұрынғы жұбайы Фариза Алмасқызы бұрынғы күйеуінің үстінен арыз жазатынын айтты, – деп жазды Aikyn.kz. 

Фариза Алмасқызы адвокатпен кездесіп, сенімхат жасалғанын жеткізді. Ол бұрынғы күйеуі енді әр айтқан сөзі үшін заң алдында жауап беретінін айтты.

“Бүгін адвокатпен кездестім. Сенімхат жасатып алды, енді процесс басталады. Маған сәттілік тілеп қойыңыздар. Айтқан әр сөзіне, жала жапқанына, әке-шешеме, балаларыма, әулетіме тіл тигізгені үшін заңды түрде жауап береді”, – деп жазды ол.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM   арнасынан табасыз.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью