Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..
Бүгінде «Қазхром» кәсіпорындарында 19 мыңнан астам адам жемісті еңбек етіп жүр. ERG металлургтері Жаңа Конституция жобасын елімізді дамыту мен жұмысшылардың құқықтарын қорғау тұрғысынан алғанда ерекше маңызды құжат деп таниды. Онда еңбекқорлық құндылығы, еңбек жағдайлары, қауіпсіздік пен гигиена талаптарын сақтау сынды басым бағыттар көрініс тапқан.
Фото: ҚазхромЕңбек адамы басын қатерге тігуге міндетті емес. Ол қауіпсіздік ережелерінің сақталуын, тиісті еңбек жағдайларын қамтамасыз етуді және жеке қорғаныш құралдарымен қамтуды талап етуге құқылы.
Яғни, Жаңа Конституцияда «адам, оның өмірі мен еркіндігі – мемлекеттің ең басты құндылығы» деп айқын көрсетілген.
Жұмыскерлер референдумда әр азаматтың пікірі мен таңдауы ерекше маңызды екенін атап өтті.
Фото: ҚазхромСондықтан олар баршаны алдағы референдумға қатысып, елдің ертеңгі болашағына қатысты өз пікірін айқын білдіруге шақырды. Ортақ болашақ өз қолымызда.
– Жаңа Конституция билік институттары арасындағы тепе-теңдікті нығайтып, азаматтардың құқықтарын бұрынғыдан да мығым бекітіп, елдің дамуына заманауи негіз қалыптастырады. Ірі өнеркәсіп компаниясы мен ERG-дің мыңдаған еңбек ұжымының басшысы ретінде мен бұл өзгерістердің маңызын айқын түсінемін. Мұнда ұзақ мерзімді орнықтылық, инвестициялық тартымдылық пен адамдардың ертеңгі күнге деген сенімділігі сөз болып отыр. Конституция тұрақтылықты қамтамасыз етіп, бизнеске болжамды ережелерді бекітеді, – деді ERG Директорлар кеңесінің төрағасы, Бас атқарушы директоры Шухрат Ибрагимов. – Референдумға қатысу – бұл тек формальді іс емес, елдің ертеңгі болашағына тікелей әсер ететін саналы шешім. Барша азаматтарды референдумға қатысып, дауыс беруге шақырамын!