Әр текше метрдегі сенімділік: Интергаз Орталық Азия АҚ қыс сынағынан сүрінбей өтті

24.04.2026

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып түсініктеме береді..

Көгілдір отынның үзіліссіз берілуі – тек тұрмыстық жайлылықтың ғана емес, ұлттық қауіпсіздіктің де басты кепілі. Еліміздің қан тамырындай іргелі магистралдар арқылы жылу мен жарық тарататын «QazaqGaz» ҰК» АҚ еншілес компаниясы – «Интергаз Орталық Азия» АҚ 2025–2026 жылдардағы жылыту маусымын абыроймен аяқтады. Қыраулы қыстың қыспағы мен жоғары жүктемелерге қарамастан, газ тасымалдау жүйесі сағаттай дәл жұмыс істеп, ел экономикасы мен халықтың игілігіне қалтқысыз қызмет етті. Осы орайда біз атқарылған ауқымды жұмыс, стратегиялық бағыттар мен алдағы қысқа дайындық туралы «Интергаз Орталық Азия» АҚ бас директорының орынбасары Азамат ДАВЛЕТОВПЕН арнайы сұхбаттасқан едік.

– Азамат Нұржанұлы, жылыту маусымы – газ тасымалдау жүйесіне жыл сайынғы үлкен сын. Компания 2025–2026 жылдардың қысқы маусымын қалай өткерді?

– Шындығында, күн суыта сала жүйеге түсетін салмақ еселеп артады. Дегенмен, биылғы маусымда біз барлық негізгі көрсеткіштерді толық әрі мүлтіксіз орындап шықтық. Температураның күрт төмендеуі мен сұраныстың шарықтау шегіне жеткен кездерінде де «Интергаз Орталық Азия» көгілдір отынды тұтынушыларға үзіліссіз жеткізіп отырды. Бұл жетістікке біз қыс түспей тұрып қолға алған жүйелі де кешенді дайындықтың арқасында қол жеткіздік.

– Дайындық шеңберінде нақты қандай іс-әрекеттер жасалды?

– Біз алдымен жөндеу, диагностикалау жұмысының өте үлкен көлемін еңсердік. Атап айтсақ, магистралдық газ құбырларының желілік бөлігінде 600-ден астам ақаулы құбыр секциясы алмастырылып, қалпына келтірілді. Бұл жүйенің сенімділігін арттырып қана қоймай, газ тасымалдау көлемін өткен жылмен салыстырғанда 2%-ға, яғни 18,4 млрд текше метрге дейін ұлғайтуға мүмкіндік берді.

Ерекше атап өтерлігі – республиканың батысындағы үш облысты көктей өтетін «Орта Азия – Орталық» магистралдық газ құбырындағы кешенді жұмыс. Мұнда барлығы 7 290 ақаулы секция жойылды. Сондай-ақ «Атырау» магистралдық газ құбырлары басқармасына қарасты «Індер» компрессорлық стансасының қосылу торабын қайта жаңғырттық. Бұл жаңа бағыттарда тасымалдау мүм­кіндігінің көкжиегін кеңейтті. Атқ­а­рылған жөндеу жұмысы Өзбекстан, Қырғызстан бағыттарында ең жоғары жүктеме кезеңінде газды қабылдау мен тасымалдауды іркіліссіз қамтамасыз етіп, Қытай бағытындағы экспорттық әлеуетті арттыруға жол ашты. Оған қоса, «Бейнеу – Бозой – Шымкент» магистралдық газ құбырының 2-тар­мағына қатысты транзитті одан әрі ұлғайтуға берік негіз қаланды.

– Ішкі нарықтағы ахуал қалай болды? Елдегі газ тұтыну көлемінде қандай да бір өзгеріс байқалды ма?

– Иә, 2025–2026 жылдардағы жылыту кезеңінде ішкі тұтыну көлемі 7%-ға өсті. Осындай ең жоғары жүктемелерді тұрақты жабуға жерасты газ қойма­ларының (ЖАГҚ) мүмкіндігін барынша тиімді әрі белсенді пайдаландық. Олардан барлығы шамамен 2,4 млрд текше метр газ іріктеп алынды.

Мұндағы негізгі салмақ «Бозой» жер­асты газ қоймасына түсті – одан 1,9 млрд текше метр көгілдір отын алынды. Сонымен қатар «Полторацкийден» 350 млн, «Ақыртөбеден» 120,8 млн текше метр газ іріктелді. Осындай са­уатты стратегиялық қадамдар тұтыну көлеміндегі маусымдық ауытқуларды тиімді түрде қалпына келтіруге мүмкіндік берді.

– Жүйенің тұрақты жұмысын қамтамасыз еткен тағы қандай ма­ңызды факторларды атар едіңіз?

­­­ – Жүйенің тұрақты жұмысын сонымен қатар «Бейнеу – Бозой – Шымкент» МГҚ және «Қазақстан – Қытай» МГҚ транзиттік әлеуетін пайдалана отырып, «QazaqGaz» ұлттық газ компаниясымен өзара іс-қимылда уақтылы техникалық қызмет көрсету, резервтік қуаттардың болуы және тасымалдау режімдерін тиімді басқару, сондай-ақ «QazaqGaz» ҰК» АҚ компаниялар тобының және табиғи газ жеткізушілерінің, оның ішінде Амангелді кен орындары тобының үйлестірілген жұмысын қамтамасыз етті.

Сондай-ақ 2026 жылғы қаңтарда «QazaqGaz» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Әлібек Жамауов еншілес кәсіпорындар басшыларының басын қосып, күзгі-қысқы кезеңнен өту мәселелеріне арналған арнайы кеңес өткізген еді. Жиынның қорытындысында берілген нақты тапсырмалар газбен жабдықтаудың се­нім­ділігін арттырып қана қоймай, келе­сі 2026–2027 жылдардағы жылыту маусымына алдын ала дайындықты бастап кетуге серпін берді.

– Демек, келесі жылыту маусымына дайындық қазірдің өзінде басталып кетті ғой?

– Дәл солай. Ағымдағы жылыту мау­сымы аяқтала салысымен, біз бірден 2026–2027 жылдар кезеңіне дайындықты бастап кеттік. Жоспарымыз ауқымды. Алдағы уақытта «Бұхара – Орал», «Қарталы – Рудный», «Орта Азия – Орталық», «БГА – ТБА» магистралдық газ құбырларында, Қаратауға баратын газ құбыр-бұрмасында, өзге де маңызды бағыттарда күрделі жөндеу жүргізу көзделіп отыр. Басты назар – бүкіл жүйенің сенімділігі мен қауіпсіздігін одан әрі арттыруға бағытталады.

– Сөз соңында, өткен  мау­сым­ның басты қорытындысын қалай түйіндеген болар едіңіз?

– Ең бастысы, еліміздің газ тасымалдау жүйесінің кез келген жоғары жүктемелерге төтеп бере алатын аса төзімді екенін тағы бір мәрте іс жүзінде дәлелдедік. Біздің магистралдар қатал ауа райында да халықты, отандық өнеркәсіпті тұрақты, қауіпсіз газбен қамтамасыз етудегі өзінің негізгі миссия­сын абыроймен орындап шықты.

20252026 жылдардағы жылыту мау­сымының нәтижелері еліміздің газ тасымалдау жүйесінің жоғары дең­гей­дегі сенімділігі мен мызғымас тұрақ­тылығының жарқын көрінісі болды. «Интергаз Орталық Азия» ұжымы артқан жүктемелерді сәтті еңсеріп қана қоймай, инфрақұрылымды жаңғырту жолындағы жүйелі жұмыстың қаншалықты тиімді екенін көрсетіп берді. Бұл толайым табыстың артында – күрделі өндірістік міндеттерді жедел шешуге, көгілдір отынның үзіліссіз тасы­­малдануын қам­тамасыз етуге қабілетті, кәсіби білік­тілігі жоғары, ұйымшыл ұжым тұр. Инвестициялық бағдарламалардың дәйекті іске асырылуы, техникалық қауіпсіздікке баса мән берілуі, бас компания – «QazaqGaz» ҰК» АҚ тарапынан көрсетілген жан-жақты қолдау алдағы уақытта да кәсіпорынның болашаққа нық сеніммен қадам басып, еліміздің газ тасымалдау жүйесіндегі Ұлттық оператордың жоғары мәртебесін биіктете беруіне берік негіз болады.

– Әңгімеңізге рахмет.

Әңгімелескен –

Жомарт ОСПАН,

«Egemen Qazaqstan» 

Соңғы жаңалықтар

Астана – Шымкент бағытында ұшақтар күніне 4 рет ұшатын болады

Қазақстан • Бүгін, 11:47

Енді борышкерлердің банк шоттары толық бұғатталмайды

Банк • Бүгін, 11:38

Израиль мен Ливан арасындағы бітім үш аптаға ұзартылды

Әлем • Бүгін, 11:35

«Барселонамен» келісімшартқа отырған қазақ баласы Ұлттық құрамаға шақырту алды

Спорт • Бүгін, 11:20

Теміртауда құрылыс алаңында 3 баланы тоқ соқты: Қылмыстық іс қозғалды

Оқиға • Бүгін, 11:15

Қостанайда соғыс ардагерлеріне 5 миллион теңгеден аударылды

Өшпес даңқ • Бүгін, 11:05

Қоғамдық орындарда тұмшаланып жүру: Алматы полициясы даулы видеоға қатысты мәлімдеме жасады

Қоғам • Бүгін, 10:57

Еуропалық одақ еліміздің тағы бір компаниясына санкция салды

Экономика • Бүгін, 10:47

Астанада төрт қабатты ғимарат өртенді

Оқиға • Бүгін, 10:38

Депутат: Стационардан шыққан нашақорларға әлеуметтік қолдау қажет

Парламент • Бүгін, 10:22

Енді «Сергек» камералары күмәнді әрекеттерді автоматты түрде тіркейді

Заң мен Тәртіп • Бүгін, 10:10

Алматыда аялдамада зейнеткерді аяусыз соққыға жыққан ер адам ұсталды

Оқиға • Бүгін, 09:58

Ақтауда 2 жасөспірімге бір топ адам шабуыл жасады

Оқиға • Бүгін, 09:54

Астанадағы көшелердің бірінде көлік қозғалысы ішінара шектеледі

Елорда • Бүгін, 09:50

Еліміздің басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады

Ауа райы • Бүгін, 09:45

Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
Читать полностью