Qazaq24.com, 24.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..
Қызылорда облысында 65 мыңға жуық киік шоғырланған. Оның шамамен 35 мыңы Арал ауданы аумағында жайылып жүр.
Мамандардың айтуына қарағанда, ақбөкендер өңірге қыс мезгілінде Ақтөбе, Қостанай және Ұлытау облыстарынан табиғи көшу жолдары арқылы келеді. Әлеуметтік желіде «киік ауылдарға кіріп жатыр» деген ақпаратқа байланысты инспекция қызметкерлері арнайы жұмыс жүргізді. Елді мекеннен алыстату әрекеттері нәтиже бермеген соң, әлсіреген жануарларға жем-шөп шашылған. Қазір киіктердің жағдайы жақсы, жаппай қырылу тіркелмеген. Мамандар өлім-жітімнің аз бөлігі табиғи себептермен болатынын айтады.
Расул Маханов, «Охотзоопром» РМҚК өңірлік филиалының басшысы:
- Қыс кезінде киік келгелі бері бір 12 бас қана аталықтарын акт жасап, жинап, залалсыздандыру жұмыстарын жасады. Басқалай ондай көп мөлшерде қырылып жатқан киік аңдары байқалмайды. Бір жағынан сондай кедергі теміржол кедергі болып тұр. Ол кедергіден өтсе де ана жер жайылымдық жер жақсы болғасын сол арада қалып қойып тұр шамалы. Десе де қазір соның арқасында сол Аралдың аумағында жайылымдық жердің жақсы болғанынан қазір киіктер шамалы әлденіп алған.