Арал Сырдария бассейнінде балық аулауға шектеу қойылды

30.03.2026

Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..

Атап айтқанда, Сырдария өзенінде 1 сәуiр мен 30 мамыр, Кiшi Арал теңiзiнiң су айлағында 1 мамыр мен 10 маусым, Қызылорда облысының шегіндегі су айдындарында 20 сәуір мен 10 маусым аралығында, Сарышығанақ және Бутаковка шығанағында, осы екеуін байланыстыратын сағаларда мұздың ыдырауынан бастап маусымның 10-ына дейін балық аулауға рұқсат жоқ. 

- Сонымен қатар артемияның көбеюі кезеңінде Өзбекстан Республикасының мемлекеттік шекарасына дейін Қазақстан Республикасының аумағы шегінде Тұщыбас, Чернышева шығанақтарын қоса алғанда, Үлкен Арал теңізінде 1 сәуірден 31 шілдеге дейін артемия жұмыртқаларын жинауға және дайындауға тыйым салынады. Тыныштық аймағын құру мақсатында Сырдария өзенiнің Кiшi Арал теңiзiне құятын жерінен Көкарал бөгетiне дейiнгi оңтүстiк бағытта, Көкарал түбегіне дейiнгi батыс бағытта, солтүстiк және солтүстiк-шығыс бағыттарда 5 шақырым, Сырдария өзенінің ағысымен жоғары бағытта 5 шақырым учаскеде, балық өлiмiн болдырмау мақсатында Көкарал бөгетiнiң төменгi бьефінде, Кiшi Арал теңiзiн Үлкен Арал теңiзiмен байланыстыратын жылғада балық аулауға рұқсат беріледі, - делінген хабарламада. 

Бұған дейін Балқаш-Алакөл облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясы Іле өзенінде балық аулауға тыйым салынғанын хабарлады.

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
Читать полностью