Арал теңізін құтқару жобасы бірегей бастама

27.01.2026

Qazaq24.com, 24.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып түсініктеме береді..

Арал теңізін құтқару үшін, ғылыми негіздемелерге сүйену керек. Су ресурстарын басқару саласына маманданған сарапшылар осылай дейді.

Ұлттық құрылтайда Мемлекет басшысы да бұл мәселеге баса назар аударған. Экологиялық апаттың алдын алу бойынша атқарылып жатқан жұмыстар туралы тілшіміз баяндасын.

Солтүстік Аралдың қазіргі көлемі 23 млрд текше метр шамасында. 2023 жылдың басында ол 18,4 млрд текше метр болған. Министр Нұржан Нұржігітов бұған мемлекетаралық келісімдер ықпал еткенін мәлімдеді. Сонымен қатар саладағы ашықтық та шаралардың тиімділігін арттырған.

Нұрбек Серіков, ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігі Су шаруашылығы комитеті төрағасының орынбасары:

- Біз еліміздегі су айдындарының цифрлық көшірмесін жасап жатырмыз. Бұл суды үнемді пайдалануға және су деңгейін қадағалауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар біз қолға алған  гидротехникалық құрылыстар салу арқылы бүкіл бір теңізді құтқару жобасы әлемде жоқ. Сондықтан бұл бірегей бастаманың нәтижелі боларына сенеміз.

Қазір елімізде су үнемдеу технологиялары жаппай енгізіліп жатыр. Сонымен қатар, суару жүйелері жаңғырту жоспарланған. Дегенмен мамандар теңізді сақтап қалу үшін кешенді жұмыс атқару керегін айтады.

Болат Есекин, Орталық Азия бойынша Су ресурстарын басқару платформасының үйлестірушісі:

- Бассейн кеңестері бойынша әлемде мысал көп. Африкада сенегал, мюррей, дарлинг, өзенінің бассейнін бірігіп басқарып отыр. АҚШ-та 100 жылдан бері Теннеси өзенін 100 жылдан бері осы әдіспен қадағалайды. Еуропадағы Дунай өзенін басқару үшін Еуроодақ арнайы заң шығарған. Осылайша суды табиғаттың ажырамас бөлігі ретінде қарастырып, ғылыми негізде бөлу керек. Кез-келген өзенді қадағалағанда оның бастауынан бастап, мұздықтардың еру қарқынын, оған қосылатын бұлақтар мен шағын өзендердегі су деңгейін ескерген дұрыс.

Сондай-ақ бұл кеңестер суды басқару саласына мамандар дайындаумен айналысады. Осылайша, бассейнді қорғау жұмысы үздіксіз жүреді дейді сарапшы.

Авторы: Серік Селеубайұлы

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
Читать полностью