Араласуға хақы жоқ : Тоқаев Құрылтай мен Халық кеңесінің айырмашылығын айтты

24.09.2026

Qazaq24.com, Sputnik.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат бөліседі..

АСТАНА, 24 қыркүйек – Sputnik. Қасым-Жомарт Тоқаев Құрылтай мен Халық кеңесінің негізгі міндетін түсіндірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Астанада Қазақстан Халық кеңесінің алғашқы сессиясы ашылды. Сол жерде президент екі констиуциялық органның айырмашылығына арнайы тоқталды.

"Мына нәрсені бірден түсініп алған жөн. Халық кеңесі – Құрылтайға балама мекеме емес. Кеңес мүшелері Құрылтайдың құзыретіне кіретін жұмыспен айналыспайды. Депутаттардың қызметіне араласпайды. Заң бойынша осындай әрекеттерге құқы жоқ. Тиісінше, Құрылтай депутаттарының да Халық кеңесінің жұмысына араласуға хақы жоқ", - деді Тоқаев.

Президенттің айтуынша, екі институт та бір-бірін толықтырып, бірлесе қызмет етуі керек. Сондықтан Халық кеңесі мен Құрылтайдың комитеттері тығыз байланыста болып, үйлесімді түрде жұмыс істеуі қажет.

"Заң жобаларын әзірлеу барысында жұртшылықтың ой-пікірін, талап-тілегін толыққанды ескеру қажет. Құрылтай мен Халық кеңесі әрқашанда бірге болса, осындай мүмкіндік міндетті түрде пайда болады", - деп атап көрсетті мемлекет басшысы.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью