Әрбір әрекетке құқықтық баға беріледі: Облыс әкімі Сәпиев пен Есімханов арасындағы жанжалға қатысты пікір білдірді

26.01.2026

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..

Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев Серік Сәпиев пен оның орынбасары Дәурен Есімхановтың арасында болған жанжалға қатысты пікір білдірді, деп жазады Egemen.kz.

фото: Қарағанды облысы әкімдігі

Ол аталған мәселеге асығыс баға беріп, жедел қорытынды жасауға болмайтынын айтты. Әкімнің айтуынша, болған жағдайға тиісті құқықтық баға тексеру мен тергеу аяқталғаннан кейін беріледі.

«Тәртіп бұзушылық бар, және ол үшін жауапкершілік те болуы тиіс. Сонымен қатар заң талаптарына қатаң сәйкес, үздіксіз атқарылуы қажет жұмыс бар. Бұл жөнінде біз бұған дейін де ашық мәлімдегенбіз және тағы да қайталап өтемін: аталған жағдай бойынша Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің департаменті тексеру жүргізеді, сондай-ақ басқарманың қызметіне кешенді аудит жасалады. Қазіргі уақытта оқиға фактісі бойынша тергеу жүріп жатыр, әрбір әрекетке құқықтық баға беріледі», деді облыс әкімі аппараттық кеңес барысында.

Серік Сәпиевке орынбасары қол көтерді

Облыс әкімі барлық мемлекеттік қызметшілердің заң талаптары мен қызметтік әдеп нормаларын қатаң сақтауы қажеттігіне тоқталды.

«Қоғамдағы кез келген келіспеушілік пен жұмыс барысындағы даулы мәселелер тек құқықтық алаңда шешілуі тиіс. Әрбір басшы ұжымдағы тәртіпке, заңның сақталуына және мемлекеттік органның беделіне жеке жауап береді. Мұны баршаңыз естен шығармауларыңыз қажет», деп түйіндеді Ермағанбет Бөлекпаев.

Серік Сәпиев орынбасарымен төбелесті деген жағдайға байланысты пікір білдірді

Соңғы жаңалықтар

Рейстердің себепсіз кешігуі: Депутаттар әуе тасымалына қатысты тұтынушылар шағымын талқылады

Қоғам • Бүгін, 12:53

Әрбір әрекетке құқықтық баға беріледі: Облыс әкімі Сәпиев пен Есімханов арасындағы жанжалға қатысты пікір білдірді

Оқиға • Бүгін, 12:49

Депутат Конституцияның «Жалпы ережелер» бөлімін жаңаша атауды ұсынды

Ата заң • Бүгін, 12:25

Фармацевтика саласындағы былық: Жалған құжатпен медициналық жабдықтар жеткізген компания анықталды

Медицина • Бүгін, 12:10

Конституциялық реформа: Ата заңның қай баптары қайта қаралады?

Ата заң • Бүгін, 12:04

Time журналының дерегі: Иранда екі күнде 30 мың адам қаза тапқан

Әлем • Бүгін, 11:53

Алматыда жүкті әйелдің жүрегіне ота жасалды

Медицина • Бүгін, 11:42

Конституциялық реформа: «Құрылтай» мен «Халық кеңесінің» өкілеттігі талқыланды

Саясат • Бүгін, 11:32

Вице-президент: Әлемдік тәжірибе нені дәлелдеді?

Саясат • Бүгін, 11:12

Әуеден барлау: Шығыс Қазақстандағы су тасқыны қаупі бар аймақтар тексерілді

Аймақтар • Бүгін, 11:05

Әділет министрі Конституцияға қандай өзгерістер енгізілетінін айтты

Саясат • Бүгін, 10:53

2030 жылға қарай суперкомпьютерлер кез келген құпиясөзді бұза алады

Технология • Бүгін, 10:43

Астаналық кәсіпкер жаңа бап бойынша қылмыстық жауапкершілікке тартылуы мүмкін

Оқиға • Бүгін, 10:23

Конституциялық реформа жөніндегі комиссия отырысы өтіп жатыр

Ата заң • Бүгін, 10:13

Микро және шағын бизнес салықтық әкімшілендіруді «таза парақтан» бастайды

Салық • Бүгін, 10:02

Барлық жаңалықтар

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью