Ардагерді алқалады

09.05.2026

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып мәлімдеме жасады..

Қорғаныс ведомствосының өкіл­дері майдангердің үйіне әс­кери оркестрмен барып, Виктор Кар­повичтің сүйікті әуендерін орын­дады. Көршілері мен әскери қыз­метшілер Ұлы Жеңіс жолында ер­лік көрсеткен ардагерге алғыс­та­рын жаудырып, қошемет көр­сет­ті. Қарияға Қорғаныс минист­рі­нің Алғыс білдірген құттықтау ха­ты табысталды.

Виктор Карпович Венгрия мен Аустрия жерлерінде шай­қа­сып, Вена қаласын ша­буыл­дауға және Чехословакия ше­­­­­кара­сын­дағы Зноймо қаласын азат етуге қа­тысқан. Жеңіс күнін сол жерде қар­сы алған. Оның жан­қиярлық ер­лігі II дәрежелі Отан соғысы ор­де­німен, «Жауын­гер­лік еңбегі үшін» медалімен жә­не басқа да мара­п­аттармен ба­ға­ланған.

Ардагерді құттықтауға Армия ор­талық спорт клубының өкілі, бокс­тан әлем чемпионы Анге­лина Лукас та қатысты. Ол Виктор Кар­повичке бей­біт өмір сыйлағаны үшін алғыс ай­тып, зор денсаулық, ұзақ ғұмыр және жан жылуын ті­леді.

– Виктор Карпович – аңыз адам, жеңімпаз ұрпақтың өкілі. Бүгінгі бейбіт өміріміз осы кісі­лер­дің ерлігінің арқасы. Десант­тық-шабуылдау әскерлерінің әс­кери қызметшілері үшін оның өмір жолы – Отанға адал қызмет ету­дің және халқына деген шынайы берілгендіктің үлгісі, – деді Десанттық-шабуылдау әскерлері қол­басшысының тәрбие және идеологиялық жұмыстар жөнін­де­гі орынбасары полковник Раджан Жанысов.

Өз кезегінде ардагер көр­сетіл­ген құрмет пен қамқорлық үшін ал­­­­­ғысын білдіріп, бүгінде ең маңыз­­дысы – жеңімпаз ұрпақтың ер­лігін ұмытпай, жастарды пат­риот­тық рухта, тарихты құрмет­теу­ге және Отанды сүюге тәрбие­леу екенін айтты.

Осындай кездесулер – ардагерлерге көрсетілген құрмет қана емес, ұрпақтар сабақтастығының айқын көрінісі әрі Жеңістің қан­дай ауыр бағамен келгенін еске салатын маңызды тағылым.

Тілекгүл ЕСДӘУЛЕТ

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
Читать полностью