Aikyn.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..
Қазалы аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы, «Құрмет» орденінің иегері Оразғали Бекпанов Құрылтай сайлауында өз таңдауын жасап, дауыс берді, - деп хабарлайды Aikyn.kz
Дауыс беру рәсімінен кейін Оразғали Достанұлы саяси науқанның жоғары деңгейде өтуіне тілектестік білдіріп, ақ батасын берді.
– Ел тағдырына қатысты әрбір маңызды науқанға қатысу азаматтық борыш. Әр адамның өз таңдауын жасап, ел болашағына бейжай қарамауы маңызды. Бірлігіміз бекем, болашағымыз жарқын болсын, – деді ардагер.